Жаңаөзен қасіретіне байланысты Бергей Рысқалиевтің мәлімдемесі (ВИДЕО)

0
34574

Жаңаөзен қырғыны – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қанды әрі қасіретті оқиға екені сөзсіз. Қазағымыз бейбіт күнде шейіт болды, жастарымыз қыршынынан қиылды, қаншама шаңырақ шайқалып, ортасына түсті. Миллиондаған отандастарыммен бірге мен де сол күндері қабырғам сөгіліп қайғырдым. Қасіретті оқиғаның орын алғанын естігенде жүрегім қан жылады. Үстеріне форма киген, мұздай қаруланған қазақ полицейлерінің бейбіт, еш қарусыз жүрген қазақты қырып салуы тіпті есеңгіретті баршамызды. Бұл қасіретті оқиға ешуақытта ұмытылмайды. Қара жамылған әрбір отбасыға қайғырып көңіл айтамын.
Мен де қазақтың қара домалақ баласымын. Қолымнан келгенше қазағыма қызмет еттім, елім, жерім деп еңбектендім. Қазақтың даласында болған әрбір қиын жағдай менің жүрегіме қанжардай қадалады.
1. Әңгіменің басында мына мәселеге тоқталайын. Ақпарат құралдарында «Бергей Рысқалиев қылмыскер» деген жалған мәліметтерді тарататындар бар. Ал бірақ менің 10 жылдан астам мемлекеттік қызметте болғаным белгілі. Жай ғана қызмет емес, басшылық орындарда болдым. Ондай қызметке тағайындалмастан бұрын ҰҚК адамды арнайы тексеруден өткізеді. Оның барлық құжаттарын тексереді. Қылмыстық топтарға қатысы бар-жоғын анықтайды. Ондай тексерістен мен 4 рет өттім. Егер мен «бандит» болсам, қалайша мемлекеттік қызметте 10 жыл жүрдім?
Өмірімде тіпті полиция табалдырығын аттамадым, ешқашан сотта куәгер болған емеспін, ҰҚК-де, полицияда, құқық қорғау органдарының бірде-бір картотекаларында атым жоқ. Сіз жақсы білесіз, 90-шы жылдары, бандитизмнің өршуіне байланысты олар құрған бизнесімді тартып алып, тонағысы келді, бірақ өзімізді өмір мен өлім арасында жүріп азар қорғап қалдық, бір пайыз да бермедім.
Сонымен бірге, мені жеке тұлға ретінде емес, Аслан Мусиннің адамы деп ойлайтындар бар. Бірден айтайын, мені Мусинмен байланыстырудың қажеті жоқ. Бұрындары қызметтік байланысымыз болды. Менің мінезімнің оңай еместігін білетін Мусин ешуақытта заңға қайшы тапсырмалар бермейтін, оны орындамайтынымды да білетін. Ол мені болашағы бар мемлекеттік қызметкер ретінде ғана қарастырды.
Ал енді кейбір арсыздардың, ар-ұяттан безген пенделердің Жаңаөзен оқиғасына тікелей мені кінәлауі – еш ақылға сыймайтын, миға қонбайтын пасық тірлік. Оны жасап отырған биліктің жалдамалы блогерлері, журналистері мен бірқатар ақпарат құралдары.
Оларлың аты –жөні мәлім. Артында кімдер тұрғаны да белгілі.
Жаптым жала, жақтым күйе деп түрлі қауесетті таратып жүргендердің қолында ешбір дәлел, айғақ не құжат жоқ. Олардың өтірігін жоққа шығару мен үшін еш қиындық тудырмайды.
Алдымен, мына сұрақты қойып көріңізші:
— Егер Жаңаөзен ісіне менің қатысым болса, онда сол кезде билік маған қарсы қылмыстық іс неге ашпады?
— Неге жалған оппозиционерлер, кейбір БАҚ пен журналистер мені Жаңаөзендегі оқиғалардан бір жарым жыл өткен соң айыптады?
— Неге әлі күнге дейін билік ресми түрде мені айыптамайды?
— Ең бастысы, дәлелдер, фактілер, құжаттар мен куәгерлер қайда?
-Әбілязовтың (ҰҚК сапында қызмет еткен «Ленин» деген агент) айтқаны толық абсурд, оның қолында не дәлел, не факт жоқ. Әйтеуір біреуге жала жабуды өзіне өмірлік мақсат еткен бұл адам өз сөзіне жауап беруі тиіс. Алдағы уақытта онымен Еуропа сотында кездесеміз.
Әблязовтың маған жала жабуы — өзі бүлдіріп қойып, енді не істерін білмей басқаға ілігін арта салғысы келетін балабақшадағы баланың ісі тәрізді. Себебі, диктатор Назарбаев Жаңаөзенге Әблязовты айыптайды, ал ол болса, бұл қылмысты маған арта салмақ. Ешбір қисынсыз, дәлелсіз. Бала, баланың ісі шала дегенді еске түсіреді. Әрине, жасы егде тартты. Бірақ саяси ой-өрісі, өмірлік танымы сол балалықтың деңгейінен аса алмай отыр.
Байқап отырсам, бұл адамның ұрыспаған, керіспеген, бет жыртыспаған кісісі қалмапты. Әйелдермен де ұстасып жатады, жастарды да қаралайды, әйтеуір өмірі біреуді жамандау, қара күйе жағу. Бұл Әблязовтың не психикалық ауытқуға ұшырап отырғанын, не өз-өзіне сенімсіздік комплексіне душар науқас екенін айғақтайды.
Ал енді мен қазіргі жағдайым туралы да қысқаша мәлімет берейін.
— Біздің жағдай тұрақты, барлық үзеңгілес серіктерімізбен байланыстамыз. Ұлыбритания мен Батыс Еуропа аймағындағы жүздеген қазақтың басын біріктірдік, тізе қосып жұмыс істеудеміз. Қазақстанда саяси қудалауға ұшыраған қандастарымыздың бірде біреуін далада қалдырған жоқпыз. Әрқайсына көмектестік, заңгерлерін таптық, өздеріне көшкен елде заңды мәртебесін алуға көмектестік.
Оппозициялық топтармен де байланысымыз бар. Күні бүгінге дейін олардың біразына жәрдемдестік, қолдау білдірдік. Өкінішке қарай, алданып, сан соғып қалған кезіміз де болды. Барша қазақстандықтарды алдап кеткен алаяқтарға, биліктің жансыздарына біз де алдандық. Өмір болған соң ондай да болады. Тек ешнәрсе жасамаған адам қателікке бой алдырмайды. «Жаман бергенін айтады»-, деген сияқты, көрсетіп жатқан көмегімді еш жерде айтпаймын. Адамдардың өзі біледі.
— Бізді Батыс мемлекеттері Әбілязов сияқты ұры деп қабылдамайды, Еуропада заңмен толық ақталған адамдармыз. Саяси босқын мәртебесін менімен байланысқан және елден кеткендердің бәрі алды. Қазақстандық құқық қорғау органдары менің ақшамның сыбайлас жемқорлық екенін дәлелдей алмағаны өз алдына тіпті, оларды Атырау облысымен байланыстыра алмады. Сондықтан Швейцария тарапынан ұзақ заңгерлік көмектен кейін бұл елде алты жылдан кейін менің барлық қаражатым мен компанияларымды босатты және Швейцария прокуратурасы істі толығымен жауып тастады. Енді Қазақстанға бұл активтер бойынша заң көмегі көрсетілмейді. Міне, біз бұны Батыс елдерінде дәлелдедік. Сондай-ақ біздің қолымызда ісімізді зерттеген және оның таза саяси қудалау екенін көрген Америка мен Еуропаның арнайы қызметтерінің бұрынғы бастықтарының үлкен баяндамалары бар. Орталық Азия мен Қазақстанның мәселелерімен айналысатын сарапшылардың, ғылым докторларының құжаттары бар, олар да менің ісім саясиланғаны туралы баяндамалар жазды. Көші-қон бойынша алғашқы мамандардың бірі болып саналатын көші-қон адвокатынан менің ісімнің саясилануы туралы Case Summary бар, сондай-ақ Қазақстанның бізден жеңіліп қалған көптеген сот шешімдері және басқа да құжаттар жеткілікті. Егер сіз бәрін сол күйінде жарияласаңыз-сізге барлық құжаттарымның көшірмелерін беруге дайынмын.
• Сондықтан Батыста бізбен байланысқан барлық жігіттер емін- еркін жүріп-тұрып, әртүрлі салаларда жұмыс істейді және қалыпты өмір сүруде. Демократиялық елдердегі әділетті сотта өзіміздің ақ, адал екенімізді толық дәлелдедік.

— Уақытымның басым бөлігі жұмыста өтеді. Соның ішінде саяси оқиғаларға көңіл бөлемін, Қазақстандағы бірқатар азаматтарға кеңес беремін. Мезгілі келгенде, менің қазіргі еңбегім туралы ашық айтылады.
2. Жаңаөзен ісі бойынша барлығы анық -қанық тергеліп, Батыс елдерінде сот болғанын қалаймын, онда өзім қатысып, көзқарасымды білдіруге дайынмын. Шындықты ашуға ең мүдделі адамның бірімін.
3. Біз Жаңаөзен трагедиясының шындығын ашу ісіне үлкен үлес қосып, атсалысудамыз Атап айтсақ, үш кітапты қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне аудардық, үш тілде аудиокітап жасадық, жақын арада арнайы қосымша да шығарамыз. Жаңаөзен оқиғасы Қазақстаннан аумағынан тыс жерде қаралып,, іс тергеліп, шетелде сот өтуі үшін бәрін жасаймыз.
4. Егер сіз осы оқиға туралы менің пікірімді білгіңіз келсе, сізге осы қайғылы жағдай барысында біраз нәрсені айта аламын, сол кезде мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеген, инсайдерлерден алынған көптеген нақты ақпараттар бар және қызықты көптеген нәрселерді анықтауда біраз беделім болды.
5. Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге менің қатысым бары — абсурд. Бұл сол кездегі Қазақстанның қаржы полициясының басшысы Р.Түсіпбековтың сатқын журналист Геннадий Бендицкийге берген тапсырысы бойынша жабылған жала. Бендицкий тапсырма алған соң істің байыбына бармай, еш дәлелсіз өтірік мақала жазып, мені қаралауға тырысты. Бірақ, халық оған сенбеді, сенбейді де.
Бендицкий Рысқалиев және Мусин бүкіл Қазақстанның мұнайы мен газын иемденгісі келді, сондықтан бұл тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп жазады. Бұған кім сенеді? Қазақстанда мұнай-газ саласы — бұл мемлекет ішіндегі мемлекет және бұл салаға иелік етем деу — өз-өзіңе қастандық жасаумен парапар. Жаңаөзен қасіретіне мені айыптау — Назарбаев пен Түсіпбековтің жоспары болатын. Олар осылайша, бұл істі жауып, «барлығын тексердік, кінәлі — Мусин мен Рысқалиев» деп кінәні бізге аудара салғысы келді. Назарбаевтың негізгі мақсаты — мені тұтқындап, кейін түрмеде азаптауға салып, Жаңаөзен бойынша барлығын өз мойныма алғызып, одан кейін Мусинге қарсы арыз жаздырту болды. Артынан Назарбаевтың соты бұл істі қарап, барлығын екеуіміздің мойнымызға іле салар еді. Алайда, бұл жоспарды менің елден кетіп қалуым бұзды. Менің негізгі болжамым міне, осы.
Ал қаскүнем Аблязов-Ленин қазір басқаша сайрауда. «Назарбаев, Мусин және Рысқалиев мұны алдағы уақытта мұндай қақтығыстар еш жерде қайталанбасы, билікті ұстап қалу және халықты қорқыту үшін жасады» дейді. Ол кезде Назарбаевқа бәрібір еді, ол 20 жыл бойы билікті өз уысынан шығармай жабысып ұстап, ойына келгенін жасап отыруға дайын болды. Бір қызығы, егер мен Назарбаевтың «серігі» болсам және ол маған осындай қылмыстық әрекетті жасауды тапсырса, онда Назарбаев мені 17 жылға неге соттады? Менің туған інімді және бірқатар серіктерімді неге соттады? Бір қызығы, ол кезде кінәлі деп Маңғыстау облысының әкімін айыптаған жоқ. Ал Көшербаев қантөгісті тоқтатпақ түгілі, азғантай мәселені де шешкен жоқ. Қасіретті оқиға орын алған мекеннен мың шақырым жерде отырған мені айыптау қай қисынға келеді?
6. Менің қолымда Аслан Мусиннің сол кездегі ҰҚК төрағасы Әбіқаевтан Рысқалиев Бергейдің Жаңаөзен оқиғаларына қандай қатысы болғанын сұрағанын айтатын бейнежазба бар. Сонда Мусиннің айтуынша, Әбіқаев: «Біз тексердік — Бергейдің бұл оқиғаларға ешқандай қатысы жоқ» деп жауап берген.
7. Бүкіл әкімдіктегі командамды, қала әкімі Асқар Керімовты және бірінші орынбасары Болат Дәукеновты түрмеге жапқан кезде азаптап, психологиялық қысым көрсеткен, олар мені және Аслан Мусинді Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысы бар-жоғы туралы айғақ беру үшін Астанадағы ҰҚК-нің жеке камераларында 4 айға жауып тастаған. Екеуі де Рысқалиевтің Жаңаөзенге ешқандай қатысы жоқ екенін, ол жұмыс орнында болғанын және ешкімге команда бермегенін және олар бұл туралы ештеңе білмейтінін айтты. Олардың бұл сөздері 2014 жылғы сот хаттамаларында және «Ақ Жайықтағы» мақалада бар, оны қоса беріп отырмын: https://m.azh.kz/ru/news/view/24031 сонымен қатар, АРЛАН ҰҚК арнайы жасағы «Ақ Жайық» газеті жарияланған мақалада Бергей Рысқалиевтің Жаңаөзенге ешқандай қатысы жоқ екенін және ешкімді жібермегенін растады. Мақалаға сілтеме қоса жолдап отырмын: https://azh.kz/ru/news/view/18152. Ия, бұл туралы жергілікті мұнайшылар да айтты, жазбалар бар. Әкежан Қажыгелдин, Ермұрат Бапи, олардың бәрі — Бергей Рысқалиев жақсы тұрып, жақсы жұмыс істеп жатқан болса, онда бұл жағдай оған не үшін керек екенін баса айтты. Атап өту қажет, ол өңірде үлкен істерді атқарды істеді, беделі әлі күнге дейін даусыз – қанша уақыт өтсе де Атырау облысының халқының қолдауы арту үстінде. Сауалнама жүргізілді, мені Атырау облысы халқының 90% қолдайды. Өздеріңіз көріп отырғандай, бәрі де салыстыру арқылы айқындалады.

8. Жаңаөзен қаласына ол кезде өту мүмкін емес те еді, онда полицияның, әкімдіктің, ҰҚК-нің, БТР дан үш тұғырлы блокпосты тұрды. Онда бірде-бір адам, тіпті журналистер өте алмады.
9. Мен Жаңаөзен қақтығысына не үшін араласамын? Маған мұның қажеті қанша? Мұндай қанды іске қатысып, туған қазағымды қыруға, қан төгуге өлсем де жол бермес едім. Жаңаөзенде қантөгіске қатысы бар адамның түбі жақсы болмайтынын, оны халық та, Алла Тағала да жазалайтынын бәріміз білеміз. Ал мұндай іске несіне араласамын? Жаңаөзен ісімен айналысқан — Астанада отырған құқық қорғау орган басшылары мен жергілікті билік өкілдері. Оған Бергей Рысқалиевтің еш қатысы жоқ, болуы мүмкін еместігін де ашық айта аламын.
10. Қосымша ақпарат: Жаңаөзенде 7-8 ай бойы мұнайшылар далада тұрып, қайғылы жағдай орын алған кезде, сол кезде Премьер-министр Мәсімов маған Атырауда төрт есе көп мұнайшылар бар екенін, менің командам бәрін бақылауда ұстағанын және жанжалдарға дейін жеткізбегенін айтып, жеке ризашылығын білдірді. Екінші рет ол Мусин арқылы тағы да ризашылығын білдірді. Ең бастысы, қайғылы оқиғадан кейін Назарбаев пен Мусин Жаңаөзенге барып, Астанаға кері ұшып бара жатқанда, Назарбаев Мусиннің телефоны арқылы аймақты жанжалсыз тыныштықта ұстағаным үшін алғыс айтты. Өкінішке орай, барлық үлкен деңгейдегі мемлекеттік шенеуніктер Назарбаевтың «рахметі» — бес минуттық ғана екенін жақсы біледі,. Біз бұған жеке көз жеткіздік, жеті айдан кейін Атырау облысы әкімдігінің барлық командасына қылмыстық істер ашылды, ал қайғылы оқиға болған жерде Маңғыстау облысының әкімі Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына көтерілді. Міне, біздің еліміздегі осындай шындық.
11. Сіздер маған өкпелемеңіздер, сұхбат бергім келмейді, өйткені әлі күнге дейін саяси алаңға ашық түрде шықпадым. Бірақ Қазақстандағы демократиялық қозғалыстың дамуына зор үлес қосып келемін және онымен айналысатын көптеген адамдарға барынша қолдау көрсетудемін. Бұл туралы көптеген адамдар біледі және менің өтінішім бойынша ешкімге айтпайды, Бұл менің ұстанымым.
Бірақ өмір бойы үндемей, жүрегімнің түбіне бар шындықты жасырып өтеді деп ойламаңыз, бізде жеткілікті ақпарат, құжаттар, нақты фактілер, деректі фильмдер және т.б. бар. Олардың ескіру мерзімі жоқ және әрқашан өзекті. Біз барлық құжаттарды ретке келтіріп, хронология жасап, жүйелі жұмысты ұйымдастыруымыз керек. Осы мәселелермен айналысып белсенді түрде іске кірісіп жатырмыз. Жақында бәрін өзіңіз көресіз.

Ондаған басылымдар мен журналистер менен сұхбат сұрады-бас тартқан себептерімді жоғарыда айтып өттім.

Құрметпен,​​​​​​​​​​ Бергей Рыскалиев