Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі суреттер

0

2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында, ертесінде Шетпе станциясында болған оқиғалардан (ресми есеп бойынша) 17 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланғаннан кейін іле-шала билік Маңғыстау облысына полицияның арнайы жасағы мен әскер жіберді. Қайғылы оқиға болған аймаққа Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов барды. Жаңаөзенде коменданттық сағат тәртібі енгізілді.

Желтоқсанның сол бір ызғарлы күндері Жаңаөзен, Шетпе мен Ақтауға барған Азаттық тілшісінің суреттерінен фотогалерея. Маңғыстау облысы, 18-22 желтоқсан 2011 жыл.

Azattyq