Жаңаарқада Ақселеу Сейдімбек атындағы республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Жазушы, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай Жаңаарқада жыр мүшәйрасы өтті. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Жергілікті құзырлы орган мәліметінше, мүшәйрада елізміздің әр аймағынан келген ақындар екі тақырып бойынша өз туындыларын оқыған. Олар байқаудың алғашқы кезеңінде өлеңіне А.Сейдімбектің өмірі мен өнегесін арқау етсе, келесі кезеңде еркін тақырыпта жазылған шығармаларын ұсынды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрамына елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен өңірдің қаламгерлері енген қазылар алқасының шешімімен анықталды.
Сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Ақтөбе облысынан келген ақын Азамат Әбілқайыр жеңіп алды. I орынды елордалық Жәнібек Әлиман еншілесе, II орын Алма Ақылбайқызына бұйырды. Ал ІІІ орынды түркістандық Батырхан Сәрсенхан мен қарағандылық Жәлел Қуандықұлы жеңіп алды.
Мүшәйра жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйақылармен мараптталды. Сонымен қатар, 4 ақын сайыстың арнайы жүлделеріне ие болды.