Жаңаарқа ауданында авто-ХҚО ашылды

2018 жылғы 28 желтоқсан 22:31 136

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде мамандандырылған авто-ХҚО ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Енді ауыл тұрғындары қызметтерді жергілікті жерден ала алады: жүргізуші куәлігін рәсімдеп, көлікті есепке қояды. Осыған дейін бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін облыс орталығына бару керек болатын.
Авто-ХҚО-да қызметтер «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетіледі. Жоба ұйымдаструшылары — Полиция департаменті және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Дәл осындай мамандандырылған ХҚО қазірдің өзінде қарқаралы және Осакаров аудандарында қызмет етеді. Болашақта авто-ХҚО Приозёрск, Қаражал және облыстың басқа да шалғайдағы қалаларында ашылатын болады.
Иллюстрациялық сурет
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz