Жаңа жылға ең үздік сыйлықтарды таңдауда тұтынушылық несиенің қандай пайдасы бар? — Қазақстан жаңалықтары

0

Жаңа жылда көпшіліктің күйбең тіршілікті бір шетке ысырып, өмірді жаңа мақсаттармен бастауға ұмтылатыны белгілі. Әрине, өз міндетін тиянақты орындай білетін азаматқа банк дәл осындай маңызды сәтте несие беру арқылы көмектеседі. ВТБ (Қазақстан) банкінің қызметкерлері оқырман жаңа жылда жақындарға құнды сыйлықтарды сыйлау үшін несиенің қандай түрін рәсімдеу керектігі жайлы кеңестерімен бөліседі. 

Банктен несие алушы адам, ұйым алдында өз міндетін, алған ақшасын уақытылы қайтару керектігін жақсы түсінуі тиіс. Сондықтан адам туған-туысқандары мен жақындарына несиенің көмегімен сыйлық алуды көздегенінің өзінде банк шарттары мен талаптарын ескеріп, мүлітксіз сақтауы қажет. 

Тұтынушылық несие жаңа жылға тұрмысқа қажетті қарапайым дүниелерден бастап, темір тұлпар сынды бағалы әрі құнды сыйлықтарды сыйлауға мұрша береді. Ал өзіңіз үлкен мақсатыңызға жету үшін ең қолайлы әрі бес жылға дейінгі мерзімде берілетін қарапайым қолма-қол несиені рәсімдей аласыз. 15% бастап (тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі  — 16 % бастап) 5 миллион теңгеге дейін кепілсіз несие алғыңыз келсе, онлайн форманы толтырып немесе жақын маңайдағы банк бөлімшесіне барып, несиеге өтініш қалдырасыз. Банк қарыз беру барысында өтінішті қарау және қарыз беруді ұйымдастыру үшін  сізден өтемақы алмайды.

Сондай-ақ, жаңа жылда депозитті кепілдікке қойып берілетін несиені таңдап, қауіпсіз әрі тиімді қызмет түріне иелік етуіңізге болады. ВТБ (Қазақстан) банкі ұсынған кепілдікке берілетін қолма-қол несие депозит бойынша сыйақыны төлеуге мүмкіндік береді. Ол кез келген тұтынушылық мақсаттарға арналған.

Жаңа жылда өзіңізді немесе жақындарыңызды ерекше қуантудың тағы бір әдісі — су жаңа темір тұлпарды несиеге алу. ВТБ (Қазақстан) банкі автонесиенің бірден төрт өнімін ұсынады. Олар: Авто-Trade-in, Авто-Стандарт, Авто-Икемді, Жеңілдікті авто. Несие бағдарламаларымен толығырақ танысу үшін мына жерді басыңыз. 

Автонесиенің арқасында адам иеленетін мүмкіндіктердің артықшылықтары көлікті жай ғана сақтандырып қойғаннан екі есе көп десек, артық айтқанымыз емес. 

Егер көлігіңіздің сақтандыруы болса, темір тұлпарыңызға қатысты туындаған проблеманың басым бөлігін сақтандыру компаниясы шешіп береді. Алайда, компания атқаратын қызметке көптеген көлік иелерінің көңілі тола бермейді. Оның үстіне, қаражаттың аударылуы, мәселенің шешілуі ұйым тарапынан едәуір уақытты талап еткен соң, жүргізушілердің дені уақытты үнемдегісі келеді. Сондықтан олар  бірден көптеген қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін несиенің осы түрін таңдайды. 

Денсаулықты ретке келтіріп, жағдайды жақсартуға көмектесетін қызметтер — жаңа жылда сыйлауға болатын ең үздік тартулардың қатарына кіреді. Жүздеген жылдар бойы адам баласы ең басты байлықтың денсаулық екенін санасына құйдырып алған. Сондықтан туысыңызға, досығыңызға медициналық тексерістен өтіп шығуға мүмкіндік беріп, емдік қызмет түрлерін ұсынсаңыз, көпке дейін алғысын аласыз. ВТБ (Қазақстан) банкі мұндай қызметтерді пайдалану үшін тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған тұтынушылық несиені рәсімдеуге кеңес береді. 

Сонымен қатар, жаңа жылдың алдында баспанамызды жөндеп, жаңартып алғымыз келетіні рас. Жоғарыда аталған тұтынушылық несиенің көмегімен үйіңізді көңіліңіз қалағанша сәндеп, жиһазына дейін ауыстыра аласыз.  Несиені рәсімдеу үшін міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз қажет. Сондай-ақ жасыңыз 22-ден асқан және зейнет жасына жетпеген болуыңыз тиіс. 3 айдан 36 айға дейін берілетін несие сомасы 15 000 — 3 000 000 теңгені құрайды. 

 

Банктен қарыз алу ережелері туралы қосымша мәліметті, ВТБ (Қазақстан) банкінің басқа өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне хабарласып немесе банк сайтында онлайн өтінім қалдыру арқылы ала аласыз.  
 

stan.kz