Жаңа жылға арналған ауа райы: Тұрғындарды -25 градусқа дейін аяз күтіп тұр — новости Казахстана

«Қазгидромет» РМК өкілдері жаңа жылға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, мереке күндері күн райы ашық және аязды болуы ықтимал деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: iStock/Global Images Ukraine
Мамандардың болжамынша, демалыс күндері яғни 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында қазақстандықтарды аязды ауа райы күтіп тұр. Тек солтүстік аймақтарда қар түсіп, боран соғуы мүмкін.
Республиканың орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы күндізгі уақытты 10…-20 градусқа ал түнде -15…-25 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Оңтүстік батыс пен оңтүстік шығыс және оңтүстікте температура күндіз 0…-5 дейін төмендеуі мүмкін. Ал түнде -2-ден -12 градусқа дейін суытпақ.
Сондай-қа, оңтүстік аймақтардың кей жерлерінде 5 градусқа дейін күннің жылынуы күтілуде.
Батыста синоптиктер күндіз 0…-8 градусқа дейін, ал түнде -5-тен-15 градусқа дейін суытады деп болжап отыр.
Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік батысында ауа температурсы күндіз -7-тен-15, түнде -15-тен-23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері ауа райы ашық және орташа аязды болмақ. Күндіз ауа температурасы 0…-5-ке дейін төмендесе, түнде -5-тен-10 градусқа дейін суытуы ықтимал.
Ал елордасы Астанада мейрам күндері синпотиктер боран соғып, қар жауады деп болжап отыр. Бұл күндері желдің екпіні 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с жетеуі мүмкін.
Ал жаңа жыл түні елордада күндіз ауа температурасы -7…-12 градусты көрсетсе, түнде -12-ден -17 градусқа дейін күн суытуы күтілуде.
1 мен 2 қаңтарда ауа райы ашылып, қалада аяз болуы ықтимал. Күндіз термометр -15…-20 дейін төмендесе, түнде -20…-25 градусқа дейін суық болмақ.