Жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу керек – маман кеңесі

0
36

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дизайнер алдағы жылы нәзік жандыларға сәнді киімдерге мән бермей, өз талғамына сенуге кеңес береді. Оның пікірінше, Жаңа жыл мерекесіне орай олар ашық және мерекеге сай киінуі қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық стилист Жанна Ахметова әйелдерге Жаңа жылды қандай киіммен қарсы алу керектігі жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Стилист 2020 жыл тышқан жылы екенін атап өтіп, ашық түсті киімдерден бас тартпау қажеттігін айтты.

«Мен Жаңа жылда күнделікті өмірде кимейтін, ашық киімдерді киюге кеңес беремін. Киім зерлі жіптен тоқылған жібек матадан болуы керек. Сондай-ақ моншақ, жылтырақ, күміс, пайетка, бисер болғаны жөн. Күнделікті өмірде киюге батылыңыз жетпейтін киімді Жаңа жылда киіңіз», – дейді Жанна Ахметова.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда сән көрсетілімдерінде шалбар, жейде, иығы кең жакет жиі көрсетілетін тілге тиек етті. Маманың айтуынша, мұны әйелдер жиі киеді. Осы орайда ол нәзік жандылар үшін қандай көйлектер тігілетініне тоқталды.

«Кең иықты киімдерден кербез арулардың қыпша белін де көруге болады. Құдайға шүкір, сондықтан біз қазіргі таңда барлық көйлек арқылы арудың құмырсқадай қиылған қыпша белін көрсетуге тырысамыз. Нәзік жандылардың көңілінен шығатын киім үлгілері, мидидің ұзындығы, белдің нақты белгіленуі – бұл трендтің басты талаптары», – дейді стилист.

Тағы оқыңыз: 2020 жылы демалыс күндері ауысады

Жанна Ахметова ебедейсіз тігілген көйлектер мен костюмдерді, тозған, сәнін жоғалтқан киімдері киюге кеңес бермейді.

«Сәнге назар аудармаңыз, жаныңыз ол киімді киюді қаласа, киіңіз. Әрине, егер сіз таңдаған киім дене бітіміңіз, баратын жеріңізге сай болса. Адамның киім үлгісі оның қайда жұмыс істейтініне, кіммен сөйлесетініне байланысты», – дейді ол.

Сонымен қатар стилист ерлер мен әйелдер қалай киіну қажет деген мәселеге қатысты жеке пікірін білдірді.

«Мен әрқашан көйлек киюге кеңес беремін. Қыздар көйлек, ұлдар шалбар киюі керек. Гендерлік әртүрлілікті қалаймын. Менің ойымша, солай әдемі көрінетін сияқты. Сондай-ақ мен смокингтерді қатты жақсы көремін. Егер әдемі көйлегіңіз болмаса, дене бітіміңіз оны киюге мүмкіндік бермесе, сізді әдемі жағынан көрсететін киімді таңдаңыз», – дейді Жанна Ахметова.

Сөз соңында маман егер әйел өзі таңдаған киімде өзін өте жақсы сезінсе, бұл киім үлгісі сәнді болатынын атап өтті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз