Жаңа жылды мерекелеу күндері қалай тамақтану керек – сарапшы
Фото: Pix-feed
Астана, BAQ.KZ. Жаңа жылды мерекелеу күндері мерекелік дастарқан жайылады. Осыған байланысты, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары қалай Жаңа жылды денсаулыққа зиян келтірмей қарсы алу керектігі туралы кеңестерімен бөлісті.
Мереке алдында және мереке күндері тамақтанудағы үш қағидатты ұстану қажет: тұрақтылық, теңгерімділік, ұстамдылық. Алуан түрлі тамақтаныңыз, жемістер мен көкөністер туралы ұмытпаңыз, өзіңіз жақсы көретін тағамдарыңызды жеңіз, бірақ шамаңызға қараңыз. Мерекелік кешкі ас алдында таңғы ас пен түскі ас туралы ұмытпаңыз. Көбірек су ішіңіз.
Мерекелік дастарқанға дейінгі және кейінгі дене белсенділігі. Мерекелік кешкі астан 2 күн бұрын және 2 күн дене белсенділігі қажет, бұл — таза ауада серуендеу, сырғанау, коньки, шаңғы тебу және т.б. Нәтижесінде Сіз өзіңізді сергек сезінесіз!
Дұрыс және тыныш ұйқы. Организм ұйқы кезінде қалпына келеді, бұл оған тағамды жақсы сіңіруге және мереке күндері жиналған токсиндерден құтылуға мүмкіндік береді. Ұйқы алдында стимуляторларды (алкоголь, кофеин, темекі және т.б.) пайдаланбаңыз.
Мереке күндері отбасыңызбен және достарыңызбен уақытыңызды пайдалы өткізіңіз. Денсаулық пен бақыт өзара байланысты.
Бұған дейін мереке күні дұрыс тамақтану туралы инфографика жариялаған болатынбыз.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ