Жаңа жылдан кейін кейбір отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Көпбалалы жанұяларға төленетін жәрдемақы табыс болып санала ма? Бұл сұраққа да министр жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде табыс ретінде есептеледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер еңбек министрінен жаңа мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында отбасының кірісі ретінде санала ма деп сұрады.

«Табысқа кіреді», — деп қысқа қайырды Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.

Министр жаңа жәрдемақы кіріс ретінде есепке алынғаннан кейін, кейбір тұрмысы төмен отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Ала алмай қалуы мүмкін. Мәселен, табысы төмен кісілер жаңа жәрдемақы алғанмен, отбасының табысы кедейшілік шегінен аспаса, онда олар атаулы әлеуметтік көмек алады. Ал асып кетсе, алмайды», — деп нақтылады ол.

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленеді.

Мемлекеттік жәрдемақы төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балалары бар барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан төленеді.

Тағы оқыңыз: Сауыншы жоқ: министр атаулы әлеуметтік көмектің салдарын айтты

Төрт баласы бар отбасыларға –  42 496 теңге;

бес балаға – 53 127 теңге;

алты балаға – 63 757 теңге;

жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге.



sputniknews.kz