Жаңа жылда АЕК мөлшері 2 917 теңгені құрады

Фото : aikyn.kzaikyn.kz
Қазақстанда жаңа жылдағы ең төменгі жалақы мен ең аз зейнетақы мөлшері нақтыланды. Аталған көрсеткіштер ел президенті қол қойған «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда:
— ең төменгі жалақы — 42 500 теңге;
— мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 18 524 теңге;
— ең төменгі зейнетақы — 43 272 теңге;
— салықтар және басқа төлемдерді төлеудің айлық есептік көрсеткіші — 2 917 теңге;
— күнкөрістің ең төменгі мөлшері — 34 302 теңге.
Жасы бойынша және еңбек стажына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар үшін 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға өседі.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін қаражат мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызын құрайды.
Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге және арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызметтердің тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін ай сайынғы қаражат — 3 739 теңгені құрайды.