Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалады? — новости Казахстана

0

Алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесі қазақстандықтарға 30-31 желтоқсан және 1-2 қаңтарда төрт күн демалыс сыйламақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Borovoe.kz

Көрнекі фото: Borovoe.kz

Бұл жылы 29 желтоқсан, яғни сенбілік демалыс күні дүйсенбі — 31 желтоқсанға ауыстырылады.

Демек, қазақстандықтар 30 желтоқсаннан бастап демалатын болады. Сондай-ақ 31 желтоқсан мен 1-2 қаңтар да мерекелік күндер болып саналады.

Сонымен, жаңа жылдық мерекеде ел тұрғындары төрт күн демалады. Ал 3 қаңтар — бейсенбіде жұмысты қайта жалғастырады.

2019 жылдың алғашқы апталары азаматтарды тағы да қысқа жұмыс күндерімен қуантады.

7 қаңтар — дүйсенбіде православтық христиандар Рождество мерекесін тойлауына байланысты қазақстандықтар тағы бір күн демалыс алады.