Жаңа жыл күні отшашу ұйымдастырған қазақстандықтарға үлкен көлемде айыппұл салынады

0

Қазақстандықтарға жаңа жыл күні рұқсат етілмеген жерлерде отшашу ұйымдастырып, тыйым салынған тауарларды өткізгені және тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тыйым салынған тауарларды саудалағаны үшін 86 250 теңге, ал пиротехникалық заттарды заңсыз пайдаланғаны үшін тәркілеумен бірге 69 000 теңге айыппұл салынады.

«Бұдан басқа, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жаза да бар. Оған сәйкес, жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты сақтау қажет. Осы талапты бұзған үшін де айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға – 17 250 теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 69 мың теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 103 500 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне  345 мың теңге», – делінген хабарламада.