Жаңа жыл күндеріне арналған ауа райы болжамы

0
21 Желтоқсан 2018, 11:50 393 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Жаңа жыл мерекесінде республиканың басым бөлігінде антициклонның ықпалымен ауа райы ашық және аязды болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды, желдің күшеюі және боран соғып, тұрақсыз болады.

2018 жылдың 30 желтоқсанынан бастап, 2019 жылғы 2 қаңтарға дейін ауа температурасы орталықта және шығыста түнде 15…25 аяз, күндіз 10…20 аяз, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 2…12 аяз, күндіз 0…5 градус аяз, кей жерде 5 градус жылы болады.

Батыста түнде 5…15 аяз, күндіз 0…8 аяз, солтүстік және солтүстік-батыста түнде 15…23 аяз, күндіз 7…15 аяз күтіледі.

2 қаңтарда антициклон аумақтың басым бөлігін қамтиды, осыған байланысты бұлтты және қалыпты аязды ауа райы болжанады.

​Ал Астанада 30-31 желтоқсан күндері синоптиктердің болжамынша атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Ол күндері қар жауып, боран соғады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 12…17 болса, күндіз 7…12 аяз күтіледі.

Сонымен қатар, 1-2 қаңтарда антициклонның ықпалымен ашық және орташа аязды ауа райы басым болады. Ауа температурасы түнде 20…25-ті көрсетсе, күндіз 15…20 аяз болмақ.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ