Жаңа жыл алдында қандай азық-түлік түрі қымбаттады?

0
Көкөніс
Фото: Razvivashki.top

Желтоқсанның қорытындысы бойынша еліміздің супермаркеттері мен базарларында қияр мен қызанақ өткен айға қарағанда күрт қымбаттады, қияр бағасы 45,8%-ға, қызанақ бағасы 32,8%-ға өсті. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында орамжапырақ та қымбаттаған – баға 18,3%-ға көтерілген. Жалпы, бір ай ішінде көкөністің барлық түрі қымбаттап отыр. Бағаға өндірістің маусымдық қымбаттауы, азық-түлік тауарларының қымбаттауы, өнімнің өзіндік құнына ықпал ететін қызмет пен тауар (жанар-жағармай, электр энергиясы, коммуналдық қызметтер) бағасының өсуі әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы қияр 2,5 мың гектарға артық өсірілген, жалпы түсім 460 мың тонна болып отыр, ол былтырға қарағанда 50 мың тоннаға көп. Өңірлердегі тұрақтандыру қорлары бағаны өсірмеу амалдарын қарастырып отыр, Қазақстанның бес қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын орталықтар салынып жатыр.

Жеміс бағасына келсек, желтоқсан айында банан (2,4%) мен кептірілген өрік (0,4%) қана сәл қымбаттаған. Лимон, керісінше, бір айда 2,3%-ға арзандады.

Желтоқсан айында шикі сүт 3,1%-ға, қаймақ 0,7%-ға, май 0,5%-ға қымбаттады. Жаңадан ауланған балық 2,6%-ға, мұздатылған балық 1,8%-ға, тұздалған және қақталған балық 1,6%-ға қымбатқа сатылып жатыр. Тауық еті бір айда 2,5%-ға, жұмыртқасы 2,4%-ға, саны 2%-ға қымбаттады. Мал етінің бағасы 1%-ға өсті.

Бірінші және жоғары сортты ұн 0,9 және 0,7%-ға қымбаттаған. Бидай мен қарабидай ұнынан жасалған нан бағасы 1%-ға өсіпті. Макарон өнімдері де 1%-ға, арақ 1,3%-ға, ауызсу 0,4%-ға қымбаттаған. Жаңа жыл қарсаңында тағы қандай өнімдер қымбаттағанын мына жерден көруге болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz