Жаңа жыл, аяз ата, ақшақар, қыс туралы, қыс мерекелері

0
Жаңа жылдық шыршада.
Музыка ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады.
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата — ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар!
2 — жүргізуші: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

1 — жүргізуші: Бүгінгі біздің бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған «Жаңа жылдық шыршада» атты мерекелік тойымызға қош келдіңіздер.
2 — жүргізуші: Осы мерекеге жиналған барлықтарыңыздың үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында жаңа жылда жаңалықтар болсын және арман, тілектеріңіз орындалсын деген тілегіміз бар.

1 — жүргізуші: Олай болса, кешімізді ашып беру үшін, мерекелік тойымыздың алғашқы сөзін мектеп директорына сөз кезегін береміз.
2 — жүргізуші: Мерекеміз — жаңа жыл,
Тойымыз қызық думан бұл.
Жаңа жыл, бұл жаңа өмір,
Сайранда туыс — туғандар.

1 — жүргізуші: «Жаңа жыл» әні орындайтын оқушылар.
Ортаға 1 — топ қояндар шығады.
1 — қоян: Бауырларым — ау! Біз не бүлдірдік. Аяз ата бізді балаларға жіберіп еді ғой.
2 — қоян: Ия, я, бірақ ұмытып қалдық қой.
3 — қоян: Енді не істейміз а!
1 — қоян: Қасқырдан қашамыз деп қорыққанымыздан ұмытып қалдық, білем.
2 — қоян: Аяз ата бізге ренжитін болды ғой.

Ортаға ұлу шығады.
Ұлу: Уайымдамаңдар! Қараңдаршы, қанша дос бар сендерде. Қорықпаңдар, қасқыр сендерді бүгін ренжіте қоймас.

Қазір сендерге Аяз ата қандай жұмыс тапсырғанын еске түсіруге көмектесеміз. Солай ма, балалар.
Қояндар: Рахмет балалар.
Барлығы қол ұстасып би билейді. (музыка ойналады).
Балалар шыршаны айналып, өлең айтады. «Аппақ, аппақ»

1 — жүргізуші: Ал, халайық, халайық!
Ескі жылдай аға бар.
Оны ортаға алайық,
Бірге билеп, ән салайық!
2 — жүргізуші: Ит жылына ризамыз,
Өсе түсті бойымыз.
Қандай талай сырға біз,
Шарықтады ойымыз!

1 — қоян: Шырша тойы құтты болсын ағайын,
Жыр тойында би билеп, ән салайық.
Күлкінің керуеніне біз де ілесіп,
Езу жимай бірге тойлап қалайық.

2 — қоян: Келер доңыз жылдарың,
Жақсылығымыз көп болсын!
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас — кәрің!

Жаңа жыл: (Доңыз жылы)
Ит жылының мерекесін,
Берекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жылды қолдаймын.

Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық,
Жаса! Жаса! Достық, бірлік, туыстық!
Құттықтайық Жаңа жылда өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық!

— Әне, балалар естідіңдер ме, Аяз ата мен Ақшақар жақындап қалды. Кәне бәріміз қосылып бір тамаша ән айтайық.

Ән. «Елочка» орындайтын Әнуарбек Айзере.
— Кәне, балалар, бәріміз бірге қатты дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Бәрі қосылып: «Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата! Ақшақар, Ақшақар, Ақшақар!»

1 — жүргізуші: Ал, енді құрметті, халайық, бүгінгі біздің қадірлі қонағы, әрі сәні Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!
2 — жүргізуші: Келеді Аяз атамыз,
Қасында Ақшақар қыз.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
Залға жақсы әуенмен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

1 — жүргізуші: — Қош келдіңіз Аяз ата!
2 — жүргізуші: — Амансың ба Ақшақар!
Аяз ата: — Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Міне, сендерге де жеттім. Өткен жылға ырзамын. Биылғы жылы да жаман болмас.
Баршаңызға амандық тілеймін.
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным.
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің ден саулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!!!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.
Ақшақар: Өздерің де аман — есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларың тақылдап, тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар.
Би: 3 — сынып оқушылары. «Брэк» арсен, Ғазиз.
Бір топ оқушылардың тақпақтары.

1 — жүргізуші: Жаңа жылдың шыршасына,
Келіңіздер төрлетіп.
Мереке де би билейік,
Шырқайықшы әндетіп.
Ән: «Достық» әні орындайтындар: оқушылар.

Ақшақар: — Ал, кәнеки, балалар, ән мен жырға басайық,
Той думанды жалғайық.
Жарқыраған шырағы — шыршамыз да нұрланды.
Бақытты жас балалар айтады шат жыр — әнді.
Жаңа жылда сайланып, шыршамызды айналып,
Би билейік ән салып,
Баршамыз да жар салып!

Би: 1 — сынып оқушылары «Тентегім»
Хор. «Шырша жыры»

1 — жүргізуші: Жаңа жыл бірлік берсін елімізге,
Береке, ырыс келсін жерімізге.
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып,
Қуаныш шашу шашсын төріңізге – дей келе келесі кезекте көрініс. «Мақта қызбен мысық» 1 — сынып оқушылары.
2 — жүргізуші: Ән қандай, ән болмысты қыздар қандай,
Тау жібіп, әуенімен мұз жарғандай.
Сырлы саз Сарыарқадан ескен сайын,
Барады көңілдерде ызғар қалмай – дей келе ән: «Қазақ баласы».

1 — жүргізуші: Қуанышпен шаттықта кенелейік,
Жадыратып, ән шырқап, тербелейік.
Төрле, төрле, халқымның құтты жылы,
Бәріміз дөңгелене би билейік.
Ән: «Мектебім»

2 — жүргізуші: Әкелді жыл ырыс құт,
Әлемде той, тыныштық.
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылым тамаша.
Ән: «Достарым»

1 — жүргізуші: Байыз таппай менің мына жүрегім,
Бар әлемге шуақ шашып жүремін.
Келген сайын Жаңа жылым жарылқап,
Жақсылық пен ізгі арманды тіледім.
Ән: «Жаңа жыл»
2 — жүргізуші: Ал, балалар, Аяз ата мен Ақшақарымызды бізден де басқа балалар күтіп отыр екен. Олай болса, Аяз атамыз бен ақшақарымызды шығарып салайық.
Аяз ата: — сау тұрыңдар, балалар. Қыздырыңдар думанды. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаңды.

Барлығы: «Қош бол, Аяз ата, Ақшақар!»
Хор: «Шырша» әні. Шыршаны айналу.
1 — жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Ит жылы мен доңыз жылы ауысып.
Береке, бірлік, бейбітшілік төрінде,
Тұрайық әр кез татулықпен қауышып.
2 — жүргізуші: Жаңа жылдың шырақтары тұр жанып,
Бара жатыр қараңғы түн нұрланып,
Шырқай берсе таусыла ма әніміз,
Деп тарқалық үйімізге қуанып.

Ендегі кезекті қорытындылау сөзді мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасарына сөз береміз. Хормен: «2019 жыл, Доңыз жылы құтты болсын ағайын» Бүгінгі біздің «Жаңа жылдық шыршада» жаңа жылдық кешімізді аяқтаймыз.
Келіп тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет, қош, сау болыңыздар!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
I cанатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/