Жаңа жекпе-жек түрлері қауымдастығы құрылды

0
27 Қараша 2018, 13:21 190 0

Астана, BAQ.KZ. Астанада олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Республикалық Федерациялардың қатысуымен отырыс өтті.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша барлық республикалық федерацияларды бір қауымдастық аясына жинау мәселесі қарастырылды. Кездесуге республика бойынша аккредиттелген 20 федерация өкілі келді.

Шара барысында қауымдастықтың президенті сайланып, басшы құрамы бекітілді. Ортақ шешіммен ұйым президенті болып Масимов Карим Қажымханұлы сайланды, бірінші орынбасары қызметіне Садыкулов Ануар Толеуханұлы тағайындалды, бас хатшы міндетін Аманқұлов Фархат Аменұлы атқарады, сонымен қатар, ұйымның вице-президенттері бодып Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы, Жошыбаев Рапиль Сейітқанұлы, Найзабеков Таджимурат Толыбайұлы, Жарасбаев Серік Маратұлы сайланды.

Қауымдастық төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды: каратэ, жекпе-жек, қоян-қолтық жекпе-жек, аралас жекпе-жек ММА.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ