Жаңа Зеландияда мешітке оқ жаудырған күдікті 11 жасар қыз үшін кек қайтарған
Алдын ала мәлімет бойынша Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешіттердегі шабуылдың себебі белгілі болды деп хабарлайды Mash Телеграмм-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Mash ақпаратынша, шабуылдаушылардың арасында 28 жастағы австралия тұрғыны Брентон Таррант болған. Мешітте оқ жаудырған қаруда еуропа өркениетінің қалыптасуының нігізгі сәттері жазылған.Соның ішінде 1770 жылғы орыс-түрік соғысы кезіндегі Кагулдегі шайқас.
Шабуыл жасамас бұрын австралиялық азамат 74 парақшада үндеухат жазып, өзінің ісін лаңкестік әрекет деп атап, неонацизм Інжілінен дәйексөздер келтірген.
Сондай-ақ Брентон мешітке шабуылдауға итермелеген оқиға ретінде, лаңкестердің 2017 жылғы шабуылын келтірген.
«Ол 11 жастағы құрбан — Эбба Аккерлюндты ерекше атап өткен. Сол үшін кек қайтаратынын айтқан», — деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Жаңа Зеланияда екі мешітке шабуыл жасалып, 50-ге тарта адам қаза болды.
Полицейлер күдіктілерді тұтқындады.