Жаңа Зеландияда 140-тан астам дельфин қырылып қалды

0
26 Қараша 2018, 09:12 34 0

Фото: news.rambler.ru

Өткен сенбіде Жаңа Зеландиядағы Стьюарт аралының жағалауында 145-тен астам гринд-дельфин жағаға шығып, өліп қалған. Бұл туралы news.rambler.ru сайты хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, сенбі күні кешке екі үйір дельфин аралдың батыс бөлігіндегі Мейсон бұғазының жағалауына шығып қалған. Олардың жартысы өліп қалған. Қалғанын көміп тастады.

«Өкінішке қарай, суға қайта жіберуге болатын дельфиндер өте аз болды. Мұндай шешім қабылдау өте қиын», — дейді Леппенс.

Жаңа Зеландияда киттер мен дельфиндер жиі жағаға шығып, қырылып қалады. Ғалымдар әлемнің әр түкпірінен жиналған киттер мен дельфиндер неге басқа емес, дәл осы жағалауда өз-өздерін құрбан ететіні туралы нақты жауап таба алған жоқ. Жалпы дельфиндердің бірі жағаға қарай ұмтылса, қалған дельфиндер де оны құтқарам деп жағаға шығып, бірге өліп қалады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ