Жаңа Зеландия мешітіндегі атыс: Көз жұмған пәкістандық азамат ерлігі үшін марапатталады — Қазақстан жаңалықтары

0

Пәкістан билігі өз азаматы Наим Рашидты ерлігі үшін өлімінен соң марапаттамақ. Ол Жаңа Зеландиядағы мешітте атыс болған кезде лаңкеске тосқауыл болып, қарусыздандыруға тырысқан.

Жаңа Зеландия мешітіндегі атыс: Көз жұмған пәкістандық азамат ерлігі үшін марапатталады

Сурет: © REUTERS / SNPA/Martin Hunter

Лаңкес Әл Нұр мешітіне кірген кезде ер адам оған қарай секіріп, тапаншасын тартып алмақ болған. Алайда бұл мүмкін болмай, ол оқ тиіп көз жұмды, деп хабарлайды «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz

«Пәкістан нәсілшіл-лаңкесті тоқтатпақ болып көз жұмған Миан Наим Рашидпен мақтанады. Ол ерлігі үшін мемлекеттік сыйлықпен марапатталады», — деп жазды Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан Twitter-де.

Пәкісттаның сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Жаңа Зеландиядағы лаңкестік салдарынан 9 пәкістандық қаза тапқан.

«Біз Крайстчерчтегі лаңкестік салдарынан көз жұмған Пәкістан азаматтарының отбасына кез келген қолдауды көрсетуге дайынбыз», — дейді премьер-министр.

Еске сала кетсек, жұма күні Крайстчерч қаласындағы екі мешітте атыс болды. Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн оқиғаны теракт деп бағалады. Кеше, 16 наурызда, лаңкес Брентон Тарранттың құрбандарының саны 50 адамға жеткені белгілі болды. Жарақаттанғандардың көбі әлі ауруханада жатыр. Олардың 11-інің жағдайы өте ауыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz