Жаңа Зеландия мешітіндегі атыс: Әйел мүгедек күйеуін құтқарамын деп көз жұмған — Қазақстан жаңалықтары

0

Биылғы жылдың 15 наурызында Жаңа Зеландиядағы мешітте болған атыста бангладештік әйел мүгедек күйеуін құтқарамын деп көз жұмған. 

Жаңа Зеландия мешітіндегі атыс: Әйел мүгедек күйеуін құтқарамын деп көз жұмғанБұл туралы BDNEWS24 басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Хусне Ара Парвин сол күні күйеуімен бірге Әл Нұр мешітіне келген. Ол күйеуін мешіттің ерлер намаз оқитын залында қалдырып, өзі әйелдер жаққа кетіпті. 

«Ол оқ атылып жатқанын естігенде жүгіріп шықты. Күйеуін құтқармақ болғанда сол жерде көз жұмды», — дейді Хусне Ара Парвиннің туысы.

Басылым мәліметінше, марқұмның күйеуі аман қалыпты. Мешіттегі адамдар оны алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізген екен. 

Қаншама адамның өмірін жалмаған лаңкестіктен кейін Әл Нұр мешітінің аумағы гүлге толтырылды. 

Еске сала кетсек, жұма күні Крайстчерч қаласындағы екі мешітте атыс болды. Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн оқиғаны теракт деп бағалады. Кеше, 16 наурызда, лаңкес Брентон Тарранттың құрбандарының саны 50 адамға жеткені белгілі болды. Жарақаттанғандардың көбі әлі ауруханада жатыр. Олардың 11-інің жағдайы өте ауыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz