Жаңа туған сәби отыз күн ораза ұстаған
Әзірет Сұлтан қорық-музейінің ТикТок парақшасында ораза ұстаған сәби туралы видео тарады деп жазады Kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ізбасарларының бірі — Исмаил ата Қазығұрти. Исмаил атамыз қасиетті Рамазан айында туған. Күндіз анасын ембейді, тек ақшам намазынан кейін, ауызашар уақытында емген. Таңғы сәресінен кейін анасын қайта ембей қояды екен. Осылай Рамазан айының соңына дейін жалғасады. Рамазанның соңғы күнінде күн бұлттанып, жаңа айды көре алмаған жұрт «ертең ауыз бекітеміз бе, жоқ па» дегенде, Исмаил атаның анасы «оны менің балам біледі» дейді. Сәби ертесіне сәресіден кейін де анасын емеді. Міне, содан жұрт оразасын ашады»- дейді аңызды айтушы.
фото: ru.freepik.com