Жаңа технологиялардың кері әсері де айтылуы тиіс

0

Кейд МЕТЦ, 

«Нью-Йорк Таймс» – Сан-Франциско

Google-дің бас компаниясы Alphabet меншігі саналатын Google Brain мен DeepMind зерттеушілері ойлап тапқан автоматты құрылғы ерін қимылын оқитын кәсіби мамандарды басып озуы мүмкін. Мұндай пайым зерттеу барысында анықталды. Видеодағы адамның ерін қимы­лын оқытқанда құрылғы түгел мә­тіннің 40 пайызын қате оқыса, мамандар 86 пайызға мүлт кеткен. 

Зерттеушілердің сөзіне қа­ра­ғанда, жаңа құрылғы сөйлеу ақау­лары бар адамдарға көмекші бол­мақ. Ғалымдар теория жүзін­де бұл құрылғы адамдарға тек ерін­дерін қозғалту арқылы сөйлесуге мүмкіндік беретінін айтып отыр.

Алайда бақылау секілді оның басқа мүмкіндіктері зерт­теу­ші­лер­дің назарынан тыс қалған. Ерін қимылын оқу жүйесі «екі­жақты технологияны» қолда­нып, жасанды интеллект зертха­на­сындағы басқа да жаңа техно­ло­гиялардың қабілетін көрсетеді. Ви­деоны автоматты түрде түзей­тін жүйелер контент жасау­ды дамытады немесе жалған жа­ңа­лықты көбейтеді. Ұшатын дрон­дар футболды түсіреді не алаң­да қирап қалады. 

«Компьютер академиясының болашағы» деп аталатын 46 зерт­­теушіден құралған топ мә­селе­ге қайта үңілудің қажеттігін алға тартады. Жаңа жұмысты жа­рия­ламас бұрын ғалымдар оның қо­ғамға оң әсерімен бірге кемшілігі де ескерілуі тиіс деп есептейді. 

«Компьютер индустриясы те­мекі немесе мұнай индустрия­сы секілді бағыт алуы мүмкін. Яғни, басшылықтың тапсырмасын орындау үшін өнімнің маңызы мен мәні ескерілмей, басқа өнім жасауға талпынды. Біз тереңінен ойланатын ұрпаққа айналуымыз керек», дейді зерттеушілер тобының басшысы Брент Хеч. Ол – Иллинойстағы Солтүстік-Батыс университетінің профессоры. 

Жаңа ғылыми жұмыс жа­рия­­ланғанда зерттеушілер оның кері әсерін сирек талқылайды. Бірін­шіден, зерттеушілер еңбегін жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Екіншіден, жобалар технология жасауда қолданылып, ке­йіннен пайдаға асуына мән бермейді. Қоғамдық компа­ниялар жұмыстарының кем­шіліктерін си­рек айтады. Б.Хеч пен оның әріп­тестері кемші­ліктерді ескермеген ғылыми жұ­мыстарды жария­ламауға үндеп отыр. 

Google-дің ерін қимылын оқи­тын құрылғысы барлауға кө­мектесе ала ма? Бәлкім қазір ерте шығар. Зерттеушілер бет-әл­петті жақыннан түсірген видео­ларды қолданды. «Көше камералары түсірген видеодағы ерін қимылдары оқуға жарамсыз», дейді Оксфорд университетінің зерттеушісі Джун Сон Чанг. 

Алайда камералар жақсарып келеді және зерттеушілер бұл жүйеге жауапты жасанды интел­лект техникаларын үнемі жетіл­діріп отырады. Қытайлық зерт­теушілер ерін қимылын оқитын жа­ңа жобаны қолға алды. «Жа­байы табиғатта» деп аталатын жүйе видеоның жарық әрі сапалы болуын қажет етеді. 

Лондондағы Империал кол­лед­жінің ғылыми қызметкері Стар­вос Петридис осы тәрізді техно­логиялардың барлау жұмы­сына қолданылуы мүмкін екенін айтады.

© 2018 The New York Times News Service

Мақаланы аударған Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»