Жаңа саяси партия жемқорлықты үш жылда тоқтатпақ
Санжар Боқаев жаңа саяси партияның бюджеттік қаржыландырудан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Ол «NAMYS» партиясын құрудағы мақсатын былай түсіндірді: «Партияның миссиясы – халық мемлекетін құру. Әділеттілік орнайтын, адал да әдепті адамдар басқаратын мүлде жаңа Қазақстан құру», – деді Боқаев баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол жуырда Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсыратынын атап өтті.
“Біріншіден, парламентке келген біздің партия бюджеттік қаржыландырудан бас тартады”, – деді спикер.
Санжар Боқаев Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты үш жылда толық жеңуге болатынын жеткізді.
Сонымен қатар алдағы екі айда цифрлық партияның мобильді қосымшасы іске қосылатынын айтты.