Жаңа ресейлік зымыран Қазақстанда сынақтан өтті. Видео жарияланды

0
3272
Advertisement

Ресейдің Қорғаныс министрлігі 28 қазанда Ресейдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа зымыранын сынақтан өткізген. Сынақ Қазақстандағы Сары-Шаған полигонында өткен. RT арнасы видеоларын көрсетті.

«Жаңа тосқауыл зымыраны «өзіне тән сипаттамаларды сенімді түрде растады, ал жауынгерлік экипаждар берілген дәлдікпен шартты нысанаға дөп тигізіп, тапсырманы ойдағыдай орындады», – деді Ресей аэроғарыш күштерінің зымыранға қарсы қорғаныс бөлімшесінің командирі генерал-майор Сергей Грабчук.

Сары-Шаған полигоны Балқаш көлінің солтүстік-батысы мен батысында Бетпақ-Дала даласында Қарағанды ​​және Жамбыл облыстары арасында орналасқан. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі жалға алды.

Тәуелсіз Қазақстан мұндай полигондарды шетелге жалға беруін тоқтатуын талап етеміз.

Совет одағы құрамындағы кезде атом сынақтары халықтың денсаулығына ауыр нұқсан келгенінің зардабын қазақ ұлты, қазақ ауылдары әлі күнге дейін тартып келеді.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз