Жаңа қызыл жолақтар пайда болды: Алматыда бағдаршам басқаша жұмыс жасайды
Алматыда қызыл жолақты белгі пайда болды.
Қалалық полиция басқармасы инновациялық арнайы белгілердің маңыздылығын айтып берді.
«Бағыт-бағдар тақталары барлық жерде қолданылады. Сонымен қатар таңбалаудың түрлі материалдары мен түстері (ақ, сары, жасыл, қара) кеңінен қолданылады, алайда тиімділікті арттыру үшін қызыл түстерді эксперименталды түрде қолдану жоспарланып отыр. Біз жол-көлік оқиғалары жиі болатын жерлерде қауіпсіздік орындарын қызыл түспен толтыруға болады деп санаймыз. Бұл жүргізушілердің назарын аудартудың тиімді әдісі», — деді Алматы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Қызыл белгілерді келесі қауіпті жерлерде қолдану жоспарланып отыр:
Құлжа тас жолы бойымен Рысқұлов даңғылынан Бухтарминская көшесіне дейін;
Әл-Фараби даңғылы бойынша — Луганский көшесі, басты бағыт, көлік ағындары тоғысқан аймақта;
Назарбаев даңғылы мен Батыс Желтоқсан көшесі арасындағы әл-Фараби даңғылы;
Сейфуллин даңғылының бойымен Райымбек даңғылынан Тобояков көшесіне дейін;
Майлин — Бухтарминская қиылысында;
Әл-Фараби даңғылында — Мұстафин көшесі, көлік қиылысында шығу;
Әл-Фараби даңғылында Шашкин мен Марков көшелерінің қиылысында.
Сонымен қатар, Алматыда бағдаршамдардың жаңаша жұмыс істейтіні хабарланған болатын.
Бұл жүйе нақты уақыт режимінде қиылыстардағы кептелісті басқаруды қамтамасыз етеді, бұл бағыттардағы трафиктің нақты қарқындылығын, қозғалыс статистикасын, адаптивті режимде кері санақ дисплейінің жұмысын ескереді.
«Екінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе қоғамдық көліктер мен авариялық-құтқару машиналарының абсолютті немесе бекітілген басымдығын ескере отырып, қозғалыс ағындарын өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүйе нақты уақыт режимінде қиылыстардағы жүктемені оқып, трафик ағындарын өзгертуге мүмкіндік береді», — дейді полиция департаменті.
stan.kz