Жаңа қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды
АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Жұмағалиев ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — деп жазылған жарлықта.
Асқар Жұмағалиев 1972 жылы дүниеге келген. Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған. Кейін Қазақ ұлттық техникалық университетін «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар» мамандығы бойынша аяқтаған.
Екінші жоғары білімін Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.
1996–2006 жылдар аралығында ақпараттандыру және байланыс саласында басшылық қызметтер атқарды.
2006 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды;
2006–2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ президенті;
2010–2012 жылдары – ҚР байланыс және ақпарат министрі;
2012–2014 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар министрі лауазымын атқарған;
2014 жылы – ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы;
2014–2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары;
2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметінде болды;
2017 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/