«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының Басқармасымен кездесті

0
43

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының Басқармасымен кездесіп, халықтың талап-тілектерін жеткізгенін білесіздер.

Ол кездесуден кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы, Мұсабаев Самат Базарбайұлы, Тажмағамбетова Мақпал Мазаққызы және Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы «Самұрық-Қазына Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «ҚазПошта» АҚ және «ЭйрАстана» компания басшылығымен кездестік. Келесі ұсыныстарды талқыладық.

☑️Отандық Қазақ тілді контент әзірлейтін баспаларды қолдау.

☑️Көпбалалы, жалғызбасты, асыраушысынан айырылған азаматтар және мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына қолдау жобаларын жүзеге асыру.

☑️Шетелде тұратын этникалық қазақ диаспорларын қолдау шаралары.

☑️Инклюзиялық ортаны дамыту және т.б.

ҰСЫНЫСТАР

«Самұрық-Қазына Тrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына

Отандық Қазақ тілді контент әзірлейтін баспаларды қолдау.

1. Балалар әдебиеті бойынша әлемдік классикалық кітаптардың аударылып басылуына демеушілік көрсету. Бір рет қана емес, жылына кемінде бірнеше автордың кітабын шығарып, тұрақты түрде қолдау көрсету. Осы салада жүмыс істейтін баспалармен ашық жұмыс істеу қажет;

2. Қазақ қаламгерлерінің, ақындар мен жазушыларының шетелдерге тағылымдамаларға, шығармашылық іссапарларға, білім жетілдіру курстарына баруына тұрақты түрде демеушілік көрсету. Бұл бойынша Жазушылар одағымен бірлесе жұмыс істеу қажет;

3. Балаларға арналған қазақша интернет-платформалардың жұмысын жандандыруды қаржылай қолдау;

4. «Ұлттық құндылықтарды насихаттау» Кітап басу бағдарламасын әзірлеу;

5. Әдеби әрі баспа ісін қолдайтын («Айбоз» секілді) жүлде тағайындау. Бір конкурс болсын. Ол конкурстарта осыған дейін шыққан түрлі кітаптар қатыссын. Жеңген кітаптарды 7500 кітапханаға таратсын;

6. Енді кітап саудасын көтеріп, жақсы кітаптарды көбейту үшін нақты сатылатын кітаптарға ғана қолдау көрсету керек. Ол үшін сұранысқа ие әр сатылған кітаптарға субсидия берілуі керек. Мысалы, «Меломан» дүкендер желісі өзіне ұсынылған бағаға 60% қосады. Яғни, сөредегі баға 3500 теңге болса, баспа дүкенге 2200 теңгеден береді, сөйтіп дүкен 1300 теңге табыс табады деген сөз. Егер отандық баспалар дүкендерге кітапты сөредегі бағамен, яғни 3500 теңгеден берсе, ал дүкендер табатын, яғни 1300 теңге табысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры субсидияласа, онда баспаларға үлкен көмек болар еді. Әйтпесе уақыт өткен сайын кітап шығару шығындары өсіп барады, ал кітаптың бағасын көтеру оқырмандар үшін қиын болмақ. Осы баспа төлейтін қазақ тілді кітап құнын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры тарапынан субсидия бөлу арқылы қарастыру қажет деп білеміз;

7. Мына дүкендермен жұмысты жандандыру керек: «Меломан» («Marwin»), «Qazyna», «KitapAl», «akel.kz», «marfushop», «Oqyrman», «Алматыкітап»;

8. Қазақ тілді баспа индустриясын дамыту. Қазір тәуелсіз негізде қазақ тілінде балалар және көркем әдебиетті басып шығарумен айналысатын баспалардың жұмысына қолдау таныту;

9. Елімізде 11 мың мемлекеттік кітапхана бар. Оның 7 мың 500 орта мектептер, 126 университеттік, қалғаны ұлттық, қалалық және ауылдық кітапханалар. Қазақ тілді контент әзірлеуші баспалардың өнімін осы кітапханаларға жеткізуді жүзеге асыру. Бір жылда 100-150 кітапты сатып алса мысалы. «КазПочта» АҚ арқылы Баспалар өздері таратып беретіндей етіп. Таратудың да бір жүйесі жасалуы керек;

10. «Казпочта» АҚ-ның жанынан сатылым ұйымдастыру.

Көпбалалы, жалғызбасты, асыраушысынан айырылған азаматтар және мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына қолдау жобаларын жүзеге асыру

11. Өңірлерде, оның ішінде ауылды елді мекендерде тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы Көпбалалы, жалғызбасты, асыраушысынан айырылған азаматтар және мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына психологиялық қызметті жүзеге асыру;

12. Өңірлерде, оның ішінде ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін спорт секцияларын ашу, спорттық инвентарьлармен жабдықтау, кадрлық қамтамасыз ету;

13. Өңірлерде, оның ішінде ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін шығармашылық және ғылыми бағыттағы үйірмелерді ашу, жабдықтау, кадрлық қамтамасыз ету;

14. Өңірлерде, оның ішінде ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, көркем әдеби кітаптарды, классикалық шығармаларды тарту ету;

15. Ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін Домбыраны тарту ету;

16. Ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін репититорлық орталықтармен ҰБТ тапсыру пәндеріне тегін дайындық жұмысын ұйымдастыру, Колледж және ЖОО бәсекеге кәбілетті мамандықтарға оқуға түсуін сүйемелдеу;

17. Ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін репититорлық орталықтармен математикалық, оқу және ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтарын көтерудің адресті білім көмегін ұйымдастыру;

18. Ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін жазғы каникулда Астана және Алматы қалаларында репититорлық орталықтар арқылы жазғы мектептер ұйымдастыру;

19. Ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін жазғы каникулда Астана және Алматы қалаларында Шахмат мектебін ұйымдастыру;

20. Ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін жазғы каникулда Астана және Алматы қалаларында пәндік олимпиадалық дайындықтарын ұйымдастыру;

21. Ауылды елді мекендерде тұратын тұрмысы нашар, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардағы оқушы балалар үшін жазғы каникулда еліміздің әр өңіріндегі мәдени мұраны зерделейтін археологиялық, зерттеу және танымдық экспедицияларды жандандыру.

Шетелде тұратын этникалық қазақ диаспорларын қолдау шаралары

22. Шетелде тұратын этникалық қазақ диаспорларының мектеп жасындағы оқушылары үшін елімізде жазғы мектептер ұйымдастыру;

23. Моңғолия және Өзбекстандағы қазақ мектептеріне оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендерді жеткізу;

24. Моңғолия және Өзбекстандағы қазақ мектептеріндегі мұғалімдер үшін елімізде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру.

Инклюзиялық ортаны дамыту

25. Инклюзивті ресурстық орталықтар ашу, әдістемелік қолдау және кадрлық қамтамасыз ету;

26. Инклюзивті білім ортасын қалыптастыру үшін қазақ тілінде педагог кадрларға арналған әдістемелік құралдарды басуға қолдау таныту.

«Қазпошта» АҚ

27. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдардың жеткізу сапасын және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;

28. Интернеті жоқ 1736 ауылды елді мекенде почта қызметін қамтамасыз етуді қарастыру.

«Air Astana» компаниясына:

29. Embraer 190 ұшағында басқа санаттағы жолаушыларға арналған қызметтен бизнес-класстағы жолаушыларға көрсететін қызметі сәйкес келмейді;

30. Ұсынылатын қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында, бизнес-классқа қызмет көрсететін жолаушылар салонын қажетті жабдықтармен сондай ақ, жолаушылардың ақпараттық, мәдени демалысын және басқа да қосымша қызметтерді ұйымдастырумен әуе жолаушыларының жайлылығын арттыруды қамтамасыз ету қажет;

31. Жалпы, Embraer 190 ұшағын алыс қашықтыққа ұшуға тиым салу керек.
«Air Astana» компаниясы ұшақтарындағы қызметінде ұлттық көрініс көрінбейді. Жолаушыларға ұсынылатын фильмдердің төрт пайызы ғана қазақ тілінде, қалғаны шет тілдерінде (яғни ұсынылған 76 фильмнің екеуі ғана қазақ тілінде), айтылатын әуендер де солай.
Осыған байланысты, жалпы отандық әуе компанияларының, оның, ішінде, «Air Astana» компаниясы ұшақтарындағы жолаушыларға ұсынылатын фильмдер мен тыңдалатын әндер 50 пайыздан жоғары, жолаушыларды қарсы алу және шығарып салу, сол сияқты, әртүрлі хабарландырулар қазақ тілінде болуы керек;

32. Отандық әуе компаниялары борт қызметкерлерінің сыртқы келбетімен киімдерін ұлттық нысанға келтіру керек.

ҚР Индустрия және индустриялық-инновациялық даму министрлігіне:
2 және 3 тармақтарды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында заңға тәуелді актілерге тиісті өзгерістер енгізу керек.

Жазба Жұлдыз Сүлейменова жеке парақшасынан алынды