Жаңа президент үкімет басшысы Маминге қандай тапсырма берді

0
121

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар тауар бағаcының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мамин мемлекет басшысына еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен үкіметтің биылғы 2 айда атқарған жұмысының нәтижесі туралы баяндады.

Үкімет басшысының хабарлауынша, биыл қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өндірісі – 2,7%-ке, ауыл шаруашылығы – 3,6%-ке, құрылыс – 2%-ке, қызмет көрсету саласы – 3,9%-ке өскен.

Тоқаев премьер-министр Асқар Маминге келесі мәселелерді тапсырды:

  • ұлт жоспары аясында құрылымдық және институционалдық реформаларды және тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы мен тапсырмаларында айтылған әлеуметтік шараларды сапалы жүзеге асыру;
  • бюджет қаражатын тиімді игере отырып, негізгі мемлекеттік бағдарламаны орындау;
  • экономиканы әртараптандыру бойынша жұмысты жалғастыру;
  • өңірлердегі су тасқынына тосқауыл қою шараларын жедел қабылдау.

Премьер-министр мемлекет басшысына үкіметтің бюджеттік міндеттемелер мен әлеуметтік бастамалардың бәрін толықтай орындап, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және экономикалық өсімнің сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыратынын жеткізді.

Президент Тоқаев туралы қызықты деректер: отбасы, еңбек жолы, лауазымдары

Кездесу қорытындысы бойынша президент Тоқаев үкімет басшысы Маминге бірқатар нақты тапсырма берді.

Тоқаевтың туған күні ол жайында не дейді – нумеролог сандардың құпиясын ашты



sputniknews.kz