Жаңа пәтерге жөндеу жасайтындарға 5 кеңес

0
94

Үйдің “отыратынын” ескеріңіз

Жөндеу
Фото: Remontik.org

Үйдің орташа отыру мерзімі – 2 жыл. Сондықтан мамандар бірден қымбат тұсқағаз жапсырмауға кеңес береді. Себебі қабырғада жарықшалар пайда болуы мүмкін. Әуелі эмульсия жағып немесе бояуға болатын тұсқағаз жапсыру қажет.

Еденге қосымша төсеме салыңыз

линолеум
Фото: Laminat-schmiede.de

Линолеумді бірден бетон еденге төсемеңіз. Міндетті түрде оның астына төсеме салған дұрыс. Ол полиуретан сияқты материалдан жасалуы мүмкін. Бұл материал дыбыс өткізбейді, жылуды ұстайды және линолеумнің жарамдылық мерзімін де ұзартады.

Провайдермен алдын ала келісіңіз

Интернет
Фото: Actu.fr 

Үйге теледидар және интернеттің қандай желісі қосылғанын біліп алыңыз. Провайдармен алдын ала келісіп, содан соң сым жүргізіңіз. Егер олай жасамасаңыз, жөндеу жұмыстарын бітірген соң сымдарды плинтус үстінен өткізіп, есіктің ойықтарына тартуға тура келеді.

USB жалғағышы бар розетканы орнатыңыз

Розетка
Фото: Elektro-tovars.ru

Жалғыз емес, қос розетка орнатқан дұрыс. Сонымен қатар жұмыс істейтін бөлмеде смартфон немесе тағы басқа гаджеттерді зарядттау үшін қосымша USB жалғағышы бар розетка орнатқаныңыз жөн.

Ұсақ-түйекке мән беріңіз

ламинат
Фото: Stroy-podskazka.ru

Әрлеу материалдарын жұмыс алдында сатып алуға тура келеді. Ламинатты (тұсқағаз, плитка тағы басқа) бұрынырақ алып қойсаңыз, соңында жетпей қалуы мүмкін. Дәл сондай материалды кейін дүкеннен таба алмай қалсаңыз, таңғалмаңыз. Сондықтан мұндай жағдай болмауы үшін оларды артығымен алып қойғаныңыз дұрыс. Оның үстіне кем-кетігін дұрыстауға да қажет болуы мүмкін.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!