Жаңа пәтерде тұрамын: Аша Матай жұбайымен ажырасып кеткен бе?

0
406
Advertisement

Белгілі тележүргізуші Аша Матай отбасына қатысты тараған түрлі қауесеттерге жауап берді. Арман Қоңырбаевпен ара қатынасы туралы сұхбат берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Оқырмандары олардың ажырасып кеткенін жарыса жазып, түрлі ақпараттарды таратқан болатын. Оған себеп, қос ғашықтың бірге сурет салмай, мүлде бірге жүргендерін көрсетпегені болып отыр. Анна Данченконың бұл шулы қауесетке байланысты сұрағына «интрига» деп жауап берді.

«Бәлкім, жаңа жоба да болу мүмкін. Жаңа пәтерге көшіп кеттім. Оны қалай қол жеткізіп алғаным туралы айтпай-ақ қояйыншы. Әйел адам үшін ең бастысы үй берекесі мен тыныштығы. Мен үшін бұрыннан жанұя бірінші орында, бүгінде ол қағидам өзгерген жоқ. Қазіргі уақытта бар көңілім мен уақытымды отбасыма арнаудамын. Балапаным қатайсын. Бір жасқа таяп қалдық. Алла шүкір, бәрі жақсы. Жаңа айтып өткеніміздей жаңа жоба болып қалуы мүмкін. Көрерменіміз кішкене сабырлық танытса, бәрі түсінікті болады» , – деді Қалаулым бағдарламасының экс теле жүргізушісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын да дәл осы жұп халықтың ашуына тиген еді. Хайп үшін өздерін ажырасқан ретінде көрсетіп, оқырмандарын ренжітіп алған еді.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз