«Жаңа пәтер»: Сәдуақасова туған күнінде өзіне ерекше сый жасады (видео)

0

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова туған күнінде өзіне ерекше сыйлық жасады. Өнер иесі 43 жасқа толуына орай Алматыдан пәтер сатып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова оңтүстік астанадан жаңа пәтер алғанын Instagram парақшасында хабарлады. Ол туған күнінде өзіне осындай сыйлық жасауды ұйғарған. Өнер иесі желіде жаңа баспанасының видеосын жариялап, оны жанкүйерлеріне көрсетті. «Ерекше күнде ерекше сыйлық! Жаңа пәтер! Алматының жоғары бөлігінде, таудың таза ауасы мен салқын лебімен, таңертең оянғанғанда бірінші Алатаудың сұлулығын көресің. Сүп-сүйкімді, құрылымы ыңғайлы, ерекше дизайнмен жасалған күшті үй сатып алдық! Әрине, жақсы үй табу оңай емес, іздеп бастағанда-ақ миымыз ашып кетті. Олжас таңнан кешке дейін жұмыста, мен гастрольде», — деп жазды әртіс. Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың туған күнін қалай атап өткенін жазған болатынбыз.