ЖАҢА ЕСІМДЕР – «НҰР ОТАНДА»

0

Тұңғыш Президент күнінде белсенді азаматтар «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданды. Әр салада биік белестерді бағындырып, ерекше дарынымен танылған 20 қазақстандыққа партия билеті салтанатты түрде тапсырылды. Олардың қатарында білім, мәдениет, спорт, бизнес, мемлекеттік қызмет пен өндірісте жоғары жетістікке жеткен мамандар бар.

Салтанатты жиынға қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаған партия хатшысы Тамара Дүйсенова мере­кенің мән-маңызына тоқталды.
– Тәуелсіз Қазақстан халқы осыдан 27 жыл бұрын Тұңғыш Президентін сай­лап, өз таңдауын жасады. Біз азаттықтың 27 жылында Елбасы саясатының арқасын­да ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеттік. Халықаралық аренада да өз орны­мыз­ды айқындап, абырой-беделге ие бол­дық. Сондықтан Елбасының елге сіңірген еңбегін дәріптейтін бүгінгі мере­кенің мәні зор. Қазақстанның болашағы – жастар. «Нұр Отан» партиясының қатарын толық­тырып жатқан жастар болашақта елімізді дамытуға үлес қосады деп сенемін, – деді Тамара Дүйсенова.
Мереке қарсаңында мүше болған 2324 азаматтың қай-қайсысы да Қазақстанның дамуына ерекше үлес қосқандар. «Қазақ­стан­ның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаз­дары партия қатарына өтті. Атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ақтө­бедегі Назарбаев Зияткерлік мектебі ди­ректорының орынбасары Арнұр Мәденов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Эль­мира Баженова, Тараз мемлекеттік педа­гогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы, «Әлеуметтік даму қоры» қо­ғам­дық қорының директоры Аяжан Кө­жекова, «Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2017» жобасының жеңімпазы, ақын Ержан Жұмабеков, «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің мүшесі, B Tim Enterprises-тің директоры Алена Ким, «Оңтүстікфильмнің» директоры Батырхан Дәуренбеков, «ХА-ХА шоу» әзіл-сықақ жо­басының бас директоры Ақсұлтан Қа­лиев, «Болашақ» түлегі, режиссер, сце­на­рист Айдие Айдар­бе­ков, Орал транс­фор­матор зауытының бас­қарушы директоры Ақжол Сауранбаев, Теміртау электроме­таллургия комбина­тының бас­қарма төр­аға­сының орынбасары Иван Леннов, «Азия – БИПЭК – Авто» ком­па­ния­сының Павлодар филиалының ди­рек­торы Айдын Елемесов, «Агро-Есіл» ЖШС директоры Сергей Домаев, «Қазақ­стан темір жолы» ұлттық компаниясының бас инженері Ба­тыр Қотыров, «Атамекен» ұлт­тық кәсіп­кер­лік палатасы Басқарма тө­рағасының орынбасары Олжас Орда­баев, кәсіпкер, «Мирас – 2000» ЖШС ди­­ректоры Дәлел Жүз­баев, белгілі кәсіп­кер, «Қағанат» асха­на­лар желісінің негізін қалаушы Шынар Бү­гімбаева, Әділет ми­нистрінің орын­ба­са­ры Эльвира Әзімова, «Шекарасыз спорт» жобасының жетекшісі, мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған Blind Race Astana-Paris веломарафонының ұйым­дас­ты­рушысы Бақтияр Базарбеков «Нұр Отан» партиясының қатарына қа­был­данды.
– Қазақта «екі дүниең абат болсын, екі тойың қабат болсын» деген сөз бар. Сол сияқты бүгін мен үшін екі бірдей қуаныш қа­тар келді. Біріншісі, бүгін – елімізді әлем­дік биікке көтеріп, көшімізді бастаған Тұң­ғыш Президент күні. Екінші қуаны­шым, дәл осы күні құрметке бөленіп, Елба­сы сая­са­тын дәріптеуші, сенімді тіре­гі – «Нұр Отан» партиясының мүшесі атан­­дым. Бұл – үлкен абырой әрі зор жауап­кер­шілік. Сон­­дықтан алдағы уақытта Ел­басы баста­ма­ларының жүзеге асыры­луы-на өз үлесімді қосу үшін аянбай еңбек етемін, – деді Қазақ радиосының дирек­торы Серік Әбдуәлиев.
Бүгін партия қатарына өткен азамат­тар­­дың көпшілігі «Болашақ» бағдарлама­сы­мен шетелде білім алған. Әлемнің же­тек­ші оқу орнында алған білімін Қазақстан дамуына арнамақ. Олар «Нұр Отан» пар­тиясының бизнес, әлеуметтік салада ат­қа­рып жатқан жұмыстарына ерекше тоқ­тал­ды.
– Бүгін – ерекше мереке. «Нұр Отан» пар­тиясының қатарына қабылданғаныма қуа­ныштымын. Елбасы әрдайым кәсіп­кер­лікті дамытуға көңіл бөледі. Партияның ша­ғын және орта кәсіпті дамытуға қосып жат­қан үлесін ерекше атап өткім келеді. Биз­несті өркендетуге арналған барлық бас­тамаға «Нұр Отан» партиясы үнемі қол­дау білдіріп отырады. Еліміздегі бас пар­тиямен әріптестік орнатып, көптеген бас­тамаларды бірге жүзеге асырдық. Нәти­же­лі жұмыстар бізді әрдайым биік мақсат­тар­ға жетелейді. Еңбектің жоғары көрсет­кі­­шімен мақ­та­­на­мыз. Жастарды қолдап, ба­­ғыт-бағдар беріп отырған партияға ал­ғы­­сым шексіз, – деді «Атамекен» ҰКП бас­­қар­ма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.
Орал трансформатор зауытының бас­қару­шы директоры Ақжол Сауранбаев пар­тия жұмысын жандандыруға үлес қосу­ға дайын екенін айтады:
– Қазақстанның дамуына тамшыдай болса да, үлесімді қосқым келеді. Елге ті­рек болған бас партияның бастамалары өмір­­шең. Елмен бірге болашаққа қадам бас­қан барша қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! «Нұр Отан» елмен бірге жасай берсін!
«Әлеуметтік даму қоры» қоғамдық қо­ры­ның директоры Аяжан Көжекова «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік бастама­лар­ға әрдайым қолдау білдіретінін ай­рық­ша атап өтті.
– Партия жуырда ғана әлеуметтік жо­ба­лар байқауын өткізді. «Сана» қоры жеңім­­паз атанып, қаржылай қолдауға ие бол­дық. Қоғамда түйткілді мәселелердің ұтымды шешімін таба білетін партияның қол­дауына ризамын. Азаматтарды қолдау жі­герлендіреді. Қаржылай көмек беру же­тіс­­тікке жетелейді. Партия қатарына қа­был­дану маған қуаныш сыйлады. Алдағы уа­қытта партия бастамаларына белсенді түр­де атсалысамын. Қоғам үшін маңызды жобалардың жүзеге асуына қолымнан келгенше еңбек етемін. Жетістікке жеткен жігерлі адам алмайтын қамал жоқ. Сон­дықтан баршамыз бірігіп, бірлесіп еңбек ете­міз, – дейді.
«Нұр Отан» партиясының қатарына қа­былданған басқа да қоғам белсенділері Қа­зақстанның дамуына үлес қосуға дайын еке­нін жеткізді.

Майра ЖАНЫСБАЙ