Жаңа білім және ғылым министрі тағайындалды

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Бұған дейін білім және ғылым министрі қызметін Күләш Шәмшидинова атқарған еді
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», — деп жазылған президенттің жарлығында.
Асхат Аймағамбетов бұған дейін білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған еді. Ол биылғы жылдың 25 ақпанында ғана тағайындалған Күләш Шәмшидинованың орнына келген еді.
sputniknews.kz