Жаңа білім министрі тағайындалды

0

Бұған дейін білім және ғылым министрлігін басқарған Ерлан Сағадиев қызметінен кетті

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан президентінің жарлығымен Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», — делінген жарлық мәтінінде.

Бұған дейін аталған министрлікті Ерлан Сағадиев басқарды.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаттары білім және ғылым министрлігіне Күләш Шәмшидинованың кандидатурасын келіскен еді. Күләш Шәмшидинова 1958 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1979) «Химия оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Соңғы қызметі – «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы.

sputniknews.kz