Home Жаңалықтар Жаңа білім форматы – жаңғырған рухтың көрінісі

Жаңа білім форматы – жаңғырған рухтың көрінісі

0
132

Қазіргі таңда заман талабынан туындаған осы бір қажеттілікті 100 пайызға өтеп, қоғам алдында өз артықшылығын толығымен мойындатқан Назарбаев зият­керлік мектептері он жылды артқа тастап үлгерді.

Менің Назарбаев зияткерлік мек­тептер жүйесіне келіп еңбек еткеніме бес жылдың жүзі болды. Осы бес жыл он жеті жыл пе­да­гогикалық жұмыс өті­­лі­мім­дегі ең жарқын кезең бол­­ғанына бек сенімдімін. Оқу­­шы­ны командада жұмыс істеу­ге, оның сыни ойлау қабі­ле­тін дамытуға, өз білімі үшін жауап­кер­шілігін арттырып, баға­лау критерийлерін мұға­лім­мен бірге құруға, алған білімін іс жүзінде қоғам игілі­гіне пай­далануға мүмкіндік беретін бұл білім платформасы тәуелсіз еліміздің даму талаптарына жауап беретін озық үлгідегі оқу үрдісі екені шүбәсіз.

Биылғы Елбасы Жолдауын­да мектеп білімін реформалау­дың қорытынды кезеңі үшін Назар­баев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мем­лекеттік мектептердің бірың­ғай стандартына айналуы тиіс екені баса ай­­тыл­ды. Мен Елбасының ұсы­­ны­­сын толық құптаймын және өз тара­п­ым­нан Назарбаев зият­­­кер­­лік мек­тептерінің тә­жір­­­ибе­­сін мемлекеттік білім беру үл­­гі­­сіне айналдыруға бар күш-жі­герімді жұмсауға да­йын екенім­ді жеткіземін. Біз, Назар­баев зияткерлік мектеп­тері­­нің м­ұғалімдері, еліміздің жал­пы білім беру үдерісін жаңа фор­мат­қа көшіруге белсенді түр­де атсалысуымыз керек. Яғни дербес мемлекетіміздің жар­қын болашағына жеткізер жол­дағы еңбек майданының нақ орт­а­сынан табылсақ, құба-құп. Бұл ретте нақты қадамдарды ке­зең-кезеңімен жүзеге асыра оты­рып, Назарбаев зияткерлік мектеп­тері мұғалімдерінің рөлі айқын­дала­тынына, оларға тәжірибесін бөлі­суге мүмкіндік берілетініне қуаныштымын.

Индира НАБИОЛЛАҚЫЗЫ,

Астана қаласындағы халықаралық мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі