Жаңа антиресейлік санкциялардың салдары сараланды

0
63

АҚШ санкциялары Еуропаға да, Қытайға да, жалпы бүкіл әлемге әсерін тигізеді.

Сауд Арабиясының Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл-Фалих АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялары жаһандық энергетика нарығына әсер тигізетінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Бакуде ОПЕК+ мониторинг комитетінің отырысы алдындағы баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Ресей — Еуропаға газ сататын, мұнайды – Қытайға сататын аса ірі ойыншы. АҚШ санкциялары Еуропаға да, Қытайға да, жалпы бүкіл әлемге әсерін тигізеді», — деп ескертті ол.

Айта кетсек, ақпан айында АҚШ жаңа санкцияларын сұйытылған табиғи газ (СТГ) саласындағы жобаларға қатысты санкциямен толықтырған. Ол құжат бойынша, АҚШ президенті СТГ өндірісі бойынша Ресеймен бірлескен кез-келген сыртқы инвесторға санкция сала алады. Алайда бұл заң жобасы әлі қабылданған жоқ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz