“Жаңа адамдар” қозғалысы «Зайцам – НЕТ!» азаматтық науқанын қолға алды
Алматыдағы қоғамдық көлік мәселелерін бүгін де өзекті проблемалардың біріне айналды. Әсіресе Алматы тұрғындары билетсіз жүретін жолаушылардың («қояндардың») санының артуы салдарынан қоғамдық көліктердің сапасының нашарлауына тап болуда. 2024 жылдың тек бір айында «қояндар» саны 60%-ға өскен. Жолақыдан түсетін қаражаттың азаюы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға кедергі келтіруде: автобустардың техникалық жағдайы нашарлап, тазалық пен қызмет көрсету деңгейі төмендеп жатыр.
Осы мақсаттағы Жаңа қозғалыс — «Зайцам – НЕТ!» азаматтық науқаны, жолаушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Төленген жолақы қоғамдық көліктердің жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Жүйелі рейдтер кезінде билетсіз жүрген жолаушылар «Мен енді ғана отырдым», «Төлем жасауды ұмытып кеттім», «Телефонның қуаты жоқ» деген сияқты сан түрлі сылтауларды айтуда.
Қоғамдық қор “Қояндарға – ЖОҚ!” деп, Алматы тұрғындарын жауапкершілік танытып, жолақыны адал төлеуге, қоғамдық көлікке деген көзқарасты өзгертуге шақырады. Әр төлем — таза, жайлы және заманауи көлікке жасалған қадам.
Қаланың көлік жүйесінің жағдайы — тұрғындар оның дамуына қалай қаржы құюымен байланысты. Төлеген адам ғана талап етуге құқылы! Ал төлемнен бас тартқан адамдар жаяу жүруі керек.