Жаңа Адамдар қозғалыс белсенділеріне қоқан-лоқы көрсеткен Тұрғынбаевқа қарсы тұрмақ
Бүгін де еліміздегі үлкен мәселелердің шешімін табуға атсалысып жүрген “Жаңа адамдар” — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру туралы бастамасын қолдайтын патриоттық жастар қозғалысы. Олардың ұстанатын басты құндылықтары — еңбекқорлық, білімге басымдық беру, прагматизм және кәсіпкерлік. Бірақ Жаңа Адамдар бастаған қозғалыс, Президенттің Жаңа Қазақстанды құру туралы бастамасы Батыс Қазақстан университетіндегі жаратылыстану-география факультеті деканы Ахан Тұрғынбаевта жеккөрініш сезімін тудырған.
Жаңа адамдар редакциясына Ахан Тұрғынбаев пен Батыс Қазақстан университетінде оқитын қозғалыс белсенділер арасындағы әңгіменің аудиожазбасы келіп түсті. Бұл жазбада декан Жаңа адамдарды экстремистер мен террористер деп атап, студенттерге қозғалыс әрекеттеріне қатысуға тыйым салып, оған қарсы шыққан оқудан шығарамыз деп қорқытқан. Әңгімелесу нәтижесінде Тұрғынбаев 7 белсендіден ректор атына «отбасылық себептермен» оқудан шығару туралы өтінішпен арыз жазуды талап еткен. Декан бұл арыздарды бопсалау құралы ретінде күнін жаздырмай өзіне қалдырып Жаңа адамдардың Кампусында немесе науқандарында көзге түскен студенттердің арыздарына күнін жазып, оқудан шығаруға уәде берген.
Жаңа адамдар Ахан Тұрғынбаевтың адам және азамат ретінде президент бастамаларын қолдамайтыны анық. Сондықтан Тұрғынбаевтың оқудан шығару арқылы қорқытып, өз сенімін студенттерге таңуға тырысқаны – жол беруге болмайтын жайт.
Декан Ахан Тұрғынбаев көрсеткен студенттермен жұмыс істеу әдістері педагогикалық этикадан бөлек, қылмыстық әрекет. Мұндай адамның Жаңа әділетті Қазақстанның өсіп келе жатқан буынына білім беруге құқығы жоқ. Жаңа адамдар Тұрғынбаевтың дереу қызметінен кетуін талап етеді.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтен оқу орнының қабырғасында болып жатқан жайттарға назар аударуын, Ахан Тұрғынбаев өз еркімен қызметінен кетуден бас тартқанын, оған шара қолданып, кәсіби жарамсыздығына байланысты жұмыстан босатуын сұрайды.
Жаңа адамдар қозғалыс белсенділері мен жақтастарымызды қорқытуға бел буғандардың барлығына ескерту жасайды. Бір адамға жасалған қарсылыққа бүкіл Қозғалыс қарсы тұруға дайын.