Жаңа адамдар Бағлан Әбдірайымовқа өзімен жұмыс жасауы үшін айна сыйлады
Бағлан Әбдірайымовтың «еркекті үйінде әйелі құртады» деген жуырдағы мәлімдемесіне жауап ретінде Жаңа адамдар оған ерекше сыйлық – «Мәселе өзімде» деген жазуы бар айна дайындады. Бұл актерге өміріндегі барлық мәселеге шын мәнінде кімнің кінәлі екенін анықтауға көмектесуі керек.
Жақында Бағлан Әбдірайымов ел алдында қисынсыз мәлімдеме жасаған болатын.
«Еркекті банкрот, арақ, құмар ойын, төбелес құртпайды. Еркекті сындыратын бір-ақ нәрсе бар: ол – үйдегі әйелі», — деді ол.
Жаңа адамдар Бағланды өз мәселелеріне кінәлілерді іздеудің орнына айнаға қарап, мұқият ойлануға шақырды. Бәлкім, актер мәселенің өзінде екенін түсініп, бос сөз айтуды доғаратын шығар.
БіБағланды осы ерекше сыйлықты Мәңгілік Ел В2.2 мекенжайындағы біздің астаналық Кампустан алып кетуге шақырамыз.