Жан түршігер видео: Қостанайдағы бәйгеде шабандоз бала аттың астында қалды

0

Аттан құлаған баланың артында келе жатқан бәйге қарақұсынан тепкен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қостанайда өткен бәйгенің видеосы Тик-Ток желісінде қызу талқыланып жатыр.

Жергілікті сайттардың хабарлауынша, атжарыс «Арғымақ» ипподромында (Заречное ауылы) өткен: Құнан бәйге (10 шақырым), Топ бәйге (15) және Аламан байге (20).

Бәйге чемпионатының бесінші кезеңі еліміздің ең үздік жылқыларын жинаған. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 900 000 теңгені құраған.

Мәре сызығына жете бере Құнан бәйге кезінде жас шабандоз аттан ұшып түскен. Желіде тараған видеоларда оны қарақұсынан артта келе жатқан аттың тепкенін көруге болады. Басында каскасы болғаннан ғана бала аман қалған. Оны жарыс жолынан шығарып, жедел медициналық көмек көрсеткен.

Баланың ауыр жарақат алмағаны хабарланады. Шабандоздардың орташа жасы – 12 жас, орташа салмағы – 28-30 келі. Олар ер-тоқымсыз шапқан.