Жан құрбылар Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекованың араласпай кетуіне не себеп?

0

Дильназ Ахмадиева журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында не себепті жан құрбысы Мақпал Исабековамен араласпай кеткенін айтып берді. Әншінің сөзіне сүйенсек, олардың араласпай кеткеніне 4 жыл болған. Араларында айтарлықтай жағдай болмапты, тек көзқарастары сәйкес келмеген көрінеді. 

“Мен оның әрбір жетістігіне қуанамын, және оның да маған деген ниеті сондай деп ойлаймын. Ол екінші сәбиін күтіп жүр екен. Ол үшін өте қуаныштымын. Біздің достық туралы түсінігіміз де сәйкес келмейтін болып шықты. Жаман ештеңе болған жоқ, көрген жерде амандасып тұрамыз. Қазір айналамда анамды есептемегенде ең жақын деген 3 адам ғана бар. Анам – ең жақын құрбым. Қазір араласатын ортамда өзімнің шекарамды қойып үйрендім.  Маған құрбыларым манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын. Мен көп адамға көмектестім, көмек сұраған жанға жоқ дей алмадым. Себебі, мені алдау оңай болатын», — дейді әнші.

фото: caravan.kz