Жамбылдағы жарылыс: Желіде жаншошырлық видео пайда болды

0

Желіде Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін мейрамхана ішінде түсірілген видео тарады. Онда жарылыстан кейін ғимараттың терезесі шағылып, әйелдің бетіне шашылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Видео әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Кадрлардан жойқын жарылыс екпіні дәмхана терезелерін сындырып, қонақтарды ұшырып жібергенін көруге болады. Сондай-ақ, камераға сауық кешенінің жабық қақпасынан секіріп өтіп қашқан әскери форма киген адамдар түсіп қалған.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттаған.

Ал Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бүгін отставкаға кеткен еді.