Жамбылдағы жарылыс: 3 мүрденің ДНҚ сараптамасынан кейін кім екені танылды

0

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болған марқұмдардың аты-жөні нақтыланды. Түр-түсін тануға келмейтін 3 мүрденің ДНҚ сынама үлгілері Шымкент қаласындағы зертханасында талданып, қорытындысы сейсенбі күні сағат 10.20-да туыстарына айтылды, – деп хабарлайды qazaqtimes.com. 

Мәйітхана алдына жиналған марқұмдардың жақындарына үш азаматтың нақтыланған жеке дері хабарланды.

auyuyuay 800x480 1
Тараз қаласының мәйітханасы. 31 тамыз 2021 жыл. Фото: QT / Күлтегін Аспанұлы
ТЖ қызметінің көпшілік ортасында айтқан сөзіне қарағанда, үш қызметкер: 25 жастағы Әділет Әділбек Қанатұлы, 22 жастағы Кеңес Әліби Бексұлтанұлы, 26 жастағы Қуатбек Гафан Жомартұлы, – деп жазылған хабарламада.