Жамбылда жоғалып кеткен сарбаз Қырғызстанда өлі табылды

0
2319
Фото halyq-uni.kz сайтынан алынды

2 наурызда Андас батыр шекара заставасында жоғалып кеткен 19 жастағы сарбаз Ұлықбек Бердішевтің мәйіті табылды, деп оның ағасы мәлімдеді. Бұл туралы kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Halyq uni басылымының хабарлауынша, сарбаздың денесін оның туыстары Қырғызстандағы тау басынан тапты. Ағасының айтуынша, қазір мамандар Ұлықбектің денесін сараптамаға көрші елге алып кеткен.

Осыдан екі күн бұрын қырғыз шопаны солдат киімінің бір бөлігін тауып алып, туыстарына тапсырған. Артынша Ұлықбектің туыстары шекарадан өтіп, киімдері табылған жерге барған. Сол жерде 100 метрден кейін олар өз белдігінде асылып тұрған жігітті тапқан.

«Бұл бір ай бұрын асылып өлген балаға ұқсамайды. Тек беті қара, қалғаны сау», — дейді ағасы.

Үш күн бұрын әскери заставаға жоғалған сарбазды Қырғызстаннан іздеуге кеңес берілген. Алайда бұған дейін Қырғызстан шекарасында тінтуге рұқсат етілмеген болатын.

Бұған дейін сарбаздың әкесі баласының 2-3 күн сайын телефон соғып, жиі ақша сұрайтынын айтқан.

Жоғалған адамды табу үшін туыстары бір айдан астам Андас батыр ауылында үй жалдап жүрген.

Марқұм Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы. Ұлықбек – әулеттің тұңғышы. 2021 жылдың 10 қыркүйегінде әскери борышын өтеуге әскерге кеткен.