Жамбылда заңсыз сексеуіл кескен 4 азамат сотталды

0

2018 жылғы 13 желтоқсан 23:38 458

Жамбылда заңсыз сексеуіл кескен 4 азамат сотталды


ТАРАЗ. ҚазАқпарат — Жамбыл облысында  9 айда жүргізілген 479 рейдтің қорытындысы бойынша 90 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ұқсас жаңалықтар

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырған брифингте айтылды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айбар Әділбақов табиғатты қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Ағымдағы жылдың 13 маусымында жануарлар дүниесi мен табиғатты сақтау туралы декларация қабылданған болатын. Сондай-ақ, «Табиғат қорғау кеңесі» ашылды. Бұл мекеме биылғы 9 айда жүргізілген 479 рейдтің қорытындысы бойынша 90 заңбұзушылықты анықтады»- деді Айбар Күнтуұлы.

Сондай-ақ, өңірде заңсыз сексеуіл ағашын кесу фактісі бойынша 9 ай ішінде 14 оқиға тіркелген. Салдарынан әкімшілік хаттама толтырылып, азаматтарға 2811,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол фактілер бойынша 8 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, 4 азаматқа бір жылдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

«Соңғы қазан-қараша айларында 11 рейд жүргізіліп, 22 кемшілік анықталды. Аң-құстарды қорғау бойынша 21 оқиға анықталып отыр. Құрықталған азаматтарға 1 875 900 теңге айыппұл салынып, 1 010 100 теңгесі бүгінде өндірілген,» — дейді «Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі» мекемесінің директоры Абай Кенжебек.

 

Ғибрат Сембай

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz