Жамбылда мобильді үкіметке тіркелгендер саны 350 мыңнан асты
Фото: ашық дереккөзден
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы мобильды үкімет порталына тіркелген азаматтардың саны 350 574 жетіп отыр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков мәлімдеді.
«Электронды үкімет порталы жұмыс істей бастаған сәттен бүгінгі күнге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтардың үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервистер тізбесін арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осылай, портал арқылы 12 жыл ішінде көрсетілетін қызметтер мен сервистердің саны 235-ке дейін артты, композиттік қызметтер пайда болды, 44 қызмет бір реттік құпия сөздердің, яғни sms-парольдің көмегімен қолжетімді болды. Сонымен қатар, 38 төлем түрі порталда авторландырылмаған пайдаланушылар үшін онлайн режимге ауыстырылып, «анықтамасыз қызметтерді» үшінші тұлғалармен ең белгілі анықтамаларды сұрату сервисі автоматтандырылды», — деді Медетбеков.
Оның айтуынша, бүгінгі күні eGov.kz порталы инфрақұрылымына 150 аса ақпараттық жүйелер мен деректер қоры ықпалдастырылған. Яғни, «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және азаматтар бірнеше мемлекеттік органдарға бармай-ақ бір ғана сұрау жолдау арқылы қызметтерді пайдалана алады.
«Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдету мақсатында электрондық үкімет порталында ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік sms -парольді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз 44 қызмет қолжетімді болды. 2018 жылы Жамбыл облысы мобильды үкімет порталына тіркелген азаматтардың саны 350 574 жетіп отыр. Сондай-ақ, 2019 жылы Жамбыл облысында Көші қон полициялық Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда. Бұл бөлім арқылы қоныс аударғандарға рұқсаттар беру және ұзарту бойынша қызметтер көрсетілмек», — деді директор орынбасары.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ