Жамбылда диабетке шалдыққандар саны 17 мыңнан асады

0
22 Қараша 2018, 16:26 56 0

Фото: ашық дереккөзден

Тараз, BAQ.KZ. Бұл жөнінде zhambylnews.kz порталы «Жамбыл облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бүгінгі күні Жамбыл облысында 17 510 адам диабет ауруына шалдыққандар есебінде тұр. Ұлттық қант диабеті тіркеуішінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша жалпы 309 мың азамат диабетке шалдыққан. Оның ішінде, қант диабетінің бірінші түрімен 18 мың адам ауырса, екінші түрі 291 мың адамды мазалап отыр. Айта кету керек, диабеттің екінші түрімен ауыратындардың 65 проценті әйел адамдар», — деп жазылған хабарламада.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, диабетке шалдыққандардың 6 мыңға жуығы катарактадан зардап шексе, 3 мың азамат миокард инфарктісін бастан өткерген.

«Қазақстанда қант диабетін емдеу тегін көрсетіледі. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында диабетке шалдыққандарға 48 дәрі-дәрмек пен медициналық құрал, соның ішінде, шприцтер, тест жолақтар, глюкомтерлер, инсулиндік сорғылар және инсулиннің 22 түрі ұсынылады», — дейді баспасөз қызметі.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ