Жамбылда 2003 жылғы полицей өз-өзін атып өлтірді

0

Smartnews.kz басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы МАЭС бекетінде постта тұрған полицейдің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды.

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Оқиға 12 ақпан күні кешкісін Жасөркен ауылында болған. 2003 жылы туған полиция қызметкерінің қызметтік қаруымен басынан атып өлтіргені хабарланды. Полиция департаменті бұл оқиға бойынша «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақты болуына бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», — деп толықтырды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Primeminster.kz.