Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апаты: жеті көліктің күл-талқаны шықты

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолында қалың тұман салдарынан ірі жол апаты болды
АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысында жеті көлік соқтығысып, зардап шеккен үш адам ауруханаға жатқызылды.
1 ақпанда кешкі сағат бес кезінде көлік апаты болды, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының 552-ші километрінде жеті көлік соқтығысып қалған. Апатқа қалың тұман себепші болыпты. Оның үстіне көлік жүргізушілері ауа райы қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік ережесін орындап, жылдамдықты азайтпаған.
Жол апаты салдарынан көліктердің быт-шыты шыққанына қарамастан, адам шығыны болған жоқ. Үш кісі әртүрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Жол апатын тіркеп, схемасын құрғаннан кейін полицейлер айыптыны анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындайды.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/