Жамбыл облысындағы кикілжіңнен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысындағы кикілжіңнен көз жұмғандар саны 10 адам болды. Зардап шеккендер 14 адамның халі әлі де ауыр. Олардың көбі оқ тиіп, жараланған.

қордай

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров Масаншы ауылында зардап шеккендер жайын айтып берді. Ал, құзырлы орган өкілдері жаппай төбелестің себебін атады. 

Төтенше жағдай режимі енгізілген Қордай ауданында жағдай қазір тұрақты. Алайда кикілжіңде барысында оқ тиіп, жараланған 14 адам жайы туралы бұлай айта алмаймыз. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыровтың сөзінше, қақтығыста зардап шеккен жандардың хәлі ауыр. Олардың өмірі үшін Алматы қаласы мен Қордай ауданының ақ халаттылары күресіп жатыр.

«14 адамның екеуі Қордайда және он екісі Алматыда. Олардың халі күні-түні мамандар бақылауында. Жамбылдық дәрігерлерге Алматыдан білікті травматологтер, нейрохирургтер, анестезиолгтер мен хирургтер жіберілді», — денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров.

Жаппай төбелестен кейін дәрігерлерге түрлі жарқаттармен 170-тен адам жүгінген. Тағы 13 адам көршілес Қырғызстан ақ халаттыларынан көмек сұраған. Алайда біздің билік айыр қалпақты бауырлас елден жарақаттанған 9 азаматты елге қайта әкелген.

Қалған 4-і сонда қалып, алдағы күндері үйлеріне жіберілмек. Қазір жалпы саны 43 жан дәрігерлер бақылауында. Ішкі істер министрлігі төбелеске тұрмыстық жанжал себеп болған дейді. Нақты айтсақ, Масаншы ауылының екі көлік тізгіндеушісі жолды бөлісе алмапты. Алексей Калайчидің сөзінше, темір тұлпар ішіндегі бір топ азамат өзге көлікте болған қарт пен екі баласын соққының астына алған. Егде жастағы азаматты аямағандардың бірі қазір қамауда екен.

«Тұрмыстық жанжал үлкен төбелеске айналған. Оған 300 адам қатысқан. Кейіннен кикілжің Ауқатты, Бұлан батыр ауылдарында да жалғасқан. Төбелескендер тынышталдыру үшін Ұлттық ұлан тартылды. Түнгі екілер шамасында жағдай тұрақталды», — деді ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчи.

Оқиғадан кейін 25 жеке үй, 31 коммерциялық нысан және 41 көлік өртеніп кеткені анықталған. Полицейлер мылтықтар, травматикалық және пневматикалық тапаншаларды да тәркілеген. Бұл оқиғаға қатысты депутаттар да пікір білдірді.

«Бұрыннан, рас, жиналған проблемалар бар сияқты. Әлеуметтік проблемалар, жергілікті билікпенен жергілікті халықтың арасында алшақтау болған шығар. Құқық қорғау органдарының беделі түскенін көрсетіп отыр. Бұл бұрыннан піскен, жиналған проблема сияқты», — деді Азат Перуашев.

«Ашу-дұшпан, ақыл  дос». Эмоцияға салынса, айналып келгенде бұның зардабы қазаққа тиеді. Осыны айтсаң, қазір бәлеге қаласың. «Бізді неге баса бересіңдер», «Қазақты неге баса берсіңдер деп», айтып жатыр, мысалы. Баспағанда не істейсіз? Бәрің атқа қонып, бәріміз төбелесейік. Мемлекет құлап қалады ғой», — деді Бекболат Тілеухан.

«Ауылды жерде мәселе көп. Қазіргі кезде мына ауылдарды көтеру үшін, жолды апару үшін, су құбырын апару үшін бүгінгі таңда 900 миллиард теңге ақша бөлінгіп отыр, «Ауыл-ел бесігі» деген бағдарлама бойынша. Сондықтан қазіргі кезде бәріміз атсалысып, осы бөлініп жатқан қаржаттың тікелей соған жұмсауға тырысуымыз керек»,- деді депутат Майра Айсина.

Естеріңіге салсақ, 7 ақпанда кешқұрым басталған жаппай төбелесте 10 адам көз жұмды. Қазіргі кезде қайғылы жайтқа қатысты сотқа дейінгі «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» мен «адам өлтіру» баптары тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

stan.kz